Рухани жаңғыру

Алматыда 10 отандық фильмнің тұсауы кесілді

Алматыда «Қазақ деректі киносы күндерінің» жабылу салтанаты өтті. Қазан және желтоқсан айлары аралығында Алматыдағы ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы қорында өткен «Қазақ деректі киносы күндері» аясында 10 деректі фильмнің тұсауы кесілді.
Алматы қаласы 07 Желтоксан, 08:44

Мәдени іс-шараға Қазақстанның белгілі киногерлері режиссер Сатыбалды Нарымбетов, кинодраматург Нұрлан Санжар, деректі киносүйер қауым және «Отан неден басталады» фильмінің түсіру тобы қатысты.

Аталмыш деректі фильм аз уақыт ішінде құлдырауды еңсеріп, Қазақстанның табысты ауылшаруашылық кәсіпорынына айналған Ақмола облысындағы Родина атты ауылы және сол жетістікке қол жеткізген Иван Сауэр туралы баяндайды.

«Родина ауылының феноменіне қатысты көршілес ауыл тұрғындары мен тіпті астаналықтар олардың жетістіктерін қызғанатындарын байқадық. Осы ауыл туралы түрлі жағымсыз пікірлер айтып, жүргендеріне қарағанда,  олар  Иван Сауэрдың 30 жылда жүріп өткен қиын жолы туралы мүлдем бейхабар екенін түсіндік. Өкінішке қарай, уақыттың тығыздығына байланысты авторлық ойларымды толығымен іске асыра алмадым. Алайда, осы фильм арқылы мен режиссер-документалист ретінде бар қарымымды көрсете алдым деп ойлаймын. Фильм арқылы түсінгенім, Иван Сауэр сияқты 10 шақты адам болса, Қазақстанның ауылшаруашылық өндірісін аяққа тұрғызуға болатынына көз жеткіздім. Мен фильмнің кейіпкері туралы оның сөздерімен, оның жер-ана туралы ойлары арқылы көрсеткім келді», - деді фильмнің режиссері Еркебұлан Бектұров.    

«Қазақ деректі киносы күндері» аясында «Қазақфильм» киностудиясы негізінде биыл түсірілген фильмдердің көрсетілімі өтті. Фильмдері көрсетілген авторлар арасында еліміздің танымал документалист-режиссерлері мен қатар жас кинематографистер де бар. Фильмдерді тамашалауға 3 мыңға жуық көрермен келген.

Шараны Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностдиясы мен ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы қоры ұйымдастырды. 





Яндекс.Метрика