Жаңа бағыттың экономикалық саясаты

Индустрияландыру күні: Президент қандай мәселелерге назар аударды (ШОЛУ)

Эксклюзив
25 индустриалды нысан шынайы уақытта байланыста болды. Жеті мыңнан астам жұмысшы жобалардың іске қосылуын тамашалады. Сонымен, Индустрияландыру күні аясында жалпыұлттық телекөпір барысында қандай жаңа индустриалды-инновациялық, инфрақұрылымдық, энергетикалық, агроөндірістік нысандар ашылғаны, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қандай мәселелерге назар аударып, қандай тапсырмалар бергені туралы білгіңіз келсе Strategy2050.kz АА тілшісінің арнайы дайындаған шолуын оқыңыздар.
Астана қаласы06 Желтоксан , 18:42

Телекөпір сәтті өтті. Телекөрсетілімді 25 мобильді телевизиялық станция, «KazSat» жерсерігі мен ұлттық байланыс операторлары қамтамасыз етті.

«2017 жылдың индустриалды нысандары» бөлімі бойынша 10 кәсіпорын іске қосылды.

Нысандардың ішінде бірінші болып    «Қазақалтын Технолоджи» компаниясы Ақсу ауылында алтын өндіру фабрикасы  іске қосылды.

«Қазақалтын Технолоджи» қызметкерлерінің айтуынша, алдымен  4 тонна алтын мен 2 тонна күміс өндіру жоспарланған.

«Бұл өте маңызды жоба. Қазақстан – ресурстарға бай. Оның ішінде, біздің  валютаның   негізі алтын  қазба болып табылады. Осының барлығын отандық кәсіпорындар жүзеге асырса, елдің әлеуеті арта түседі. 4 тонна алтын өндіру  ауқымды көлем екенін көрсетеді. Іске қосыңдар», - деді Н.Назарбаев.

Содаң соң, ҚР Президенті іске қосқан индустрияландырудың жаңа нысандары - Ақтөбе облысында машина жасау және металл өңдеу секторында мұнай-газ жабдықтарын өндіру және құбырлар шығарумен айналысатын «Қазақстан мұнай жабдықтары зауыты» ЖШС және Атырау облысында («Жігермұнайсервис» ЖШС) роботты дәнекерлеу әдісімен металл құрастырмалары өндірісі болды.

Бұл күні қайта өңдеу өндірісі ішінде агроөндірістік кешенде назардан тыс қалмады. Себебі, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев біздің аграрлық сала отандық экономиканың негізіне айналуы керек деп атап отыр.

Сонымен, тамақ өнеркәсібінде және ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу бойынша Солтүстік Қазақстан облысындағы «Маслодел» ЖШС «Тетра Пак» ЖШС жоғары технологиялық қондырғылармен жабдықталған сүт зауытын ашты.

Ал, Шығыс Қазақстан облысында «Восток-Молоко» ЖШС жоғары технологиялық жабдықтары орнатылған сүт кешені модернизацияланды.

Сонымен қатар, Батыс Қазақстан облысындағы «Жайық Агро» ЖШС-да жаңа құс фабрикасы іске қосылды.

«Әлемде тамақ жемейтін адам жоқ. Жыл санап халық саны артуда және олардың талабы да артуда.  Сондықтанда біз өз өнімімізді өңдемей кеңейе алмаймыз. Біз және біздің аграрлық мүмкіндіктеріміз, осы біздің болашақ мүмкіндіктеріміз. Аграрлық кешен арқылы егер бүкіл әлемде жасалынып жатқандай өңдейтін болсақ қатты дамимыз. Мәселен, Ресейде егін түсімі өте жақсы болды, нәтижесінде бізде баға төмендеп кетті. Ал, дайын өнімнің бағасы төмендеген жоқ», - деді Мемлекет басшысы.

Содан соң, Н.Назарбаев Жамбыл облысындағы гранит және мәрмәр өңдеу өндірісін ашты.

«Жаңа технологиялар еңбек өнімділігін арттырады. Біздің  өндірістің  60 пайызы ТМД мен Ресейге жөнелтіледі. Біз экспорттық әлеуетті арттыруды көздеп отырмыз», - деді «Оргстрой» ЖШС директоры Қали Ғалымхан жалпыұлттық телекөпірде.

Өз кезегінде ҚР Президенті аталмыш нысан республика бойынша өте маңызды екенін атап өтті.

«Жамбыл облысы гранит қоры бойынша барша елге танымал. Алматы мен Астана ғимараттары Жамбыл өңірінің гранитімен жабдықталған», - деді Елбасы.

«Қазақстан, мұнай және газ шығаратын ел бола отырып, көптеген жылдар бойы газды көршілес елдерден алуға мәжбүр болдыбірақ бұл проблема «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральдық газ құбырын салып біткеннен кейін шешіліп отыр. Енді газбен ішкі нарықты толықтай қамтамасыз ете отырып, біздің газ экспорты үшін көкжиекті кеңейтуге мүмкіндігіміз бар. Бұрын қысқы кезеңде оңтүстік өңірлерінің жұртшылығы қыс уақытында жаурап отыратын» ,- деді ел Президенті.

«Инфрақұрылымдық жобалар» бөлімі.

Қазақстанның транзиттік әлеуетін дамыту және Еуразия құрлығындағы логистикалық торапты құру жобасын іске асыру мақсатында Мемлекет басшысы Құрық порты (Маңғыстау облысы) паромдық терминалының бірінші кезеңін іске қосты.

Сондай-ақ, Астанадағы жалпыұлттық телекөпір барысында Еуропалық авиациялық қауіпсіздік агенттігінің стандарттарына сәйкес, өз авиалайнерлері мен басқа да әуе компанияларының  ұшақтарына техникалық қызмет көрсететін «Эйр Астана» авиациялық техникалық орталығы жұмыс істей бастады.

Маңғыстаудағы «Ақтау - Бейнеу» автожол жобасының «Ақтау – Шетпе» учаскесі іске қосылды.  

Ал, «Continental Logistics Shymkent» ЖШС Шымкентте ірі көлік-логистикалық орталығын салды.

Газбен қамтамасыз етуге келетін болсақ, Ақтөбе облысындағы қайта жаңғыртылып салынған «Бозой» жер асты газ сақтау қоймасында «Газ құрғату қондырғысын» пайдалануға енгізілді.

Жоба шеңберінде газ сапасын арттыру, бөтен қоспалардан және ылғалдан тазарту үшін газ сақтау қоймасының технологиялық схемасы қазіргі заманғы «Газды құрғату қондырғысымен» жарақтандырылды.

Жүргізілген жұмыс объектінің тиімділігін және қауіпсіздігін арттырды, сондай-ақ тәулігіне 27 миллион текше метрге дейін газ алу мен айдауды қамтамасыз етті. Газ сапасы жақсарып, өнімділік ұлғайды және газды жер астына айдау мен оны қайта алу уақыты 200 күннен 150 күнге дейін қысқарды.  

«Қазақстан, мұнай және газ шығаратын ел бола отырып, көптеген жылдар бойы газды көршілес елдерден алуға мәжбүр болдыбірақ бұл проблема «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральдық газ құбырын салып біткеннен кейін шешіліп отыр. Енді газбен ішкі нарықты толықтай қамтамасыз ете отырып, біздің газ экспорты үшін көкжиекті кеңейтуге мүмкіндігіміз бар. Бұрын қысқы кезеңде оңтүстік өңірлерінің жұртшылығы қыс уақытында жаурап отыратын» ,- деді ел Президенті.

«Жаңа инвестициялық стратегия» бөлімі.

Белгілі болғандай, Президент Нұрсұлтан Назарбаев Павлодар облысындағы легирленген алюминий өндірісі мен осы алюминийден автомобиль дискілерін шығаратын  «Giessenhaus» ЖШС өндірісін іске қосуға пәрмен берді. Сондай-ақ, «ArcelorMittalTubularProductsAktau» АҚ дәнекерлеу құбырлары өндірісі (Маңғыстау облысындағы Ақтау теңіз порты АЭА), «Химфарм» АҚ (Оңтүстік-Қазақстан облысы) қатты дәрі-дәрмек нысандарының жаңа цехы, Қызылорда облысындағы «Gejuba Цемент» ЖШС цемент зауытын салу және Атырау облысындағы мұнай-химия өндірісінің «Kazakhstan Petrochemica lIndustries» ЖШС құрылысы бар.

Индустрия 4.0 бөлімі.

"Еуразиялық топ" (ERG) өндірісті технологиялық жаңарту жобасы аясында Қостанай облысының Қашар кенішінде ақылды карьерді іске қосты. "Қазмырыш" корпорациясы Шығыс Қазақстан облысындағы  Малеев кен орнында Pitram жүйесін іске қосты, "Алтыналмас" компаниясы Жамбыл облысында  интеграциялық тұғырнаманы іске қосты.

Бұдан бөлек, Алматы қаласындағы "Инновациялық Технологиялар Паркінде" дербес кластерлік қордың "Сандық зертханасы", Астанадағы "Назарбаев Университетінде" робот техникасының зертханасы ашылды.

Атап өтер болсақ, Қазақстан Президенті «Жаңа индустрияландыру: қазақстандық барыстың серпіні» атты ұлттық телекөпір барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Үкімет кәсіпорындардың цифрландыруға көшуі бойынша есеп беруді тапсырды.

«Қазақстанды дамыған 30 елге қосуға мүмкіндік беретін, қуатты, индустриялды серпілісті қалыптастырудамыз. Үшінші жаңғыру бағдарламасы еңбек өнімділігін арттырып, отандық тауарлар экспортының кеңеюіне жағдай жасауы қажет. Алдымызда 4.0 технологиясын енгізу мәселесі тұр. Мұның не екенін түсінуіміз қажет. Осы мақсатта «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы дайындалды. Аталған бағдарламаны жүзеге асыру үшін әрбір министрлік, әрбір әкімдік, әрбір компания атсалысуы қажет», - деді Елбасы жиында.

Нұрсұлтан Назарбаев алдағы уақытта Астанада өтетін цифрландыру форумы жоғары деңгейде өтуі қажеттігін алға тартты.

«Алдағы уақытта цифрландыру бойынша өтетін ЕАЭО форумын тиісті деңгейде өткізуіміз қажет. Мен Премьер-Министрдің орынбасары ретінде Асқар Жұмағалиевті бекіттім. Ол маған ай сайын қандай кәсіпорын, қандай компания цифрландыруға көшкені туралы есеп береді. Бұл туралы ақпарат республикалық газеттерде, біздің телевидениедегі ақпараттық бағдарламаларда шығуы қажет. Жұмыс осыдан басталуы керек», - деп түйіндеді сөзін Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев сөзінің маңыздылығын түсіндірді.

«Барлығы цифрландыруға қатысуы керек. Біз халыққа түсінікті, қарапайым тілмен түсіндіруіміз керек. Олар цифрландыру дегеніміз не екенін түсінуі керек. Оны алдымен өзіміз түсінуіміз керек», - деді Н.Назарбаев.

Ақбота Күзекбай




Яндекс.Метрика