Қазақстан және БҰҮ

БҰҰ Бас Ассамблеясы Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдар күніне бірауыздан қолдау көрсетті

Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 62-ші сессиясы аясында халықаралық қоғамдастық Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдар жөніндегі халықаралық күн туралы БҰҰ Бас Ассамблеясының 64/35 қарарын жаңартуға бірауыздан қолдау білдірді. 42 мемлекет қарардың тең авторы атанды, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Әлемде 06 Желтоксан, 19:12

29 тамыз Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдар халықаралық күні ретінде БҰҰ Бас Ассамблеясымен 2009 жылғы 2 желтоқсанда Қазақстанның бастамасымен бекітілген болатын. 1991 жылы дәл осы күні  Президент Нұрсұлтан Назарбаев өз Жарлығымен әлемдегі ең үлкен ядролық сынақ алаңы саналған Семей полигонын жапты.

2010 жылдан бастап, осы күн әлемдік деңгейде кеңінен аталып, ал БҰҰ қабырғасында жыл сайын Бас Ассамблея Президентінің төрағалығымен тиісті бейресми отырыс өткізіліп отырды. Мұндай жыл сайынғы шолулар Ассамблея Президентімен оларды ұйымдастыруға қажетті мандатсыз жүргізіліп келді.

«Сол себепті Қазақстан тиісті мандатты қосу үшін осы жолы қарарға арнайы тармақ қосу туралы бастама көтеріп, онда Бас Ассамблея «Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдар халықаралық күнін атап өту және ілгерілету мақсатында Ассамблея Президентінен жыл сайынғы жоғары деңгейдегі пленарлық отырыс ұйымдастырып отыруды сұрайды», - деп хабарлады ведомство.

БҰҰ-ға мүше мемлекеттер тиісті тармақты қосуға бірауыздан қолдау көрсетіп, осылайша ядролық сынақтарға толық тыйым салу үшін Халықаралық күннің өзектілігі туралы ұстанымдарының ортақтығын танытты. Осы әрекетімен дүниежүзілік қауымдастық бұл күннің ядролық сынақтар құрбандарына тағзым ету және  халықаралық тұрақтылық пен қауіпсіздікке төніп отырған орасан қауіп туралы адамзаттың есіне салу тұрғысынан маңыздылығын айшықтап өтті.



 





Яндекс.Метрика