Басқару

Қазақстан мен Қырғызстан басшылары Жол картасын дәйекті түрде іске асырудың маңыздылығын атап өтті

Нұрсұлтан Назарбаев Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Астана қаласы06 Желтоксан , 17:05

Мемлекеттер басшылары әңгіме барысында екіжақты ынтымақтастықтың және өңірлік күн тәртібінің мейлінше өзекті мәселелерін талқылады.

Президенттер биылғы 2 желтоқсанда Астанада екі ел үкіметтері қол қойған Жол картасын дәйекті түрде іске асырудың маңыздылығын атап өтті.

Бұл тұрғыда Қырғызстан Президенті күшейтілген шекаралық бақылаудың алынып, Қазақстан-Қырғызстан шекарасын күзету күнделікті режімге көшірілгені үшін Қазақстан Президентіне алғыс айтты.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев пен Сооронбай Жээнбеков алдағы кездесулер кестесін, соның ішінде Қырғызстан Президентінің Қазақстанға сапармен келу мәселесін қарастырды.

Телефон арқылы сөйлесуге Қырғызстан жағы бастамашы болды.

 

 

 




Яндекс.Метрика