ҚР ИИДМБ

Үкімет кәсіпорындардың цифрландыруға көшкені туралы Президентке есеп беріп отырады

Қазақстан Президенті «Жаңа индустрияландыру: қазақстандық барыстың серпіні» атты ұлттық телекөпір барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Үкімет кәсіпорындардың цифрландыруға көшуі бойынша есеп беруді тапсырды.
Астана қаласы 06 Желтоксан, 15:18

«Қазақстанды дамыған 30 елге қосуға мүмкіндік беретін, қуатты, индустриялды серпілісті қалыптастырудамыз. Үшінші жаңғыру бағдарламасы еңбек өнімділігін арттырып, отандық тауарлар экспортының кеңеюіне жағдай жасауы қажет. Алдымызда 4.0 технологиясын енгізу мәселесі тұр. Мұның не екенін түсінуіміз қажет. Осы мақсатта «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы дайындалды. Аталған бағдарламаны жүзеге асыру үшін әрбір министрлік, әрбір әкімдік, әрбір компания атсалысуы қажет», - деді Елбасы жиында.

Нұрсұлтан Назарбаев алдағы уақытта Астанада өтетін цифрландыру форумы жоғары деңгейде өтуі қажеттігін алға тартты.

«Алдағы уақытта цифрландыру бойынша өтетін ЕАЭО форумын тиісті деңгейде өткізуіміз қажет. Мен Премьер-Министрдің орынбасары ретінде Асқар Жұмағалиевті бекіттім. Ол маған ай сайын қандай кәсіпорын, қандай компания цифрландыруға көшкені туралы есеп береді. Бұл туралы ақпарат республикалық газеттерде, біздің телевидениедегі ақпараттық бағдарламаларда шығуы қажет. Жұмыс осыдан басталуы керек», - деп түйіндеді сөзін Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев сөзінің маңыздылығын түсіндірді.

«Барлығы цифрландыруға қатысуы керек. Біз халыққа түсінікті, қарапайым тілмен түсіндіруіміз керек. Олар цифрландыру дегеніміз не екенін түсінуі керек.Оны алдымен өзіміз түсінуіміз керек», - деді Н.Назарбаев.

Айта кетейік, осыған дейін Елбасы отандық машина жасау саласында жаңа жабдықтардың пайда болғандығы  туралы айтқан болатын.

Ақбота Күзекбай

 





Яндекс.Метрика