ҚР ИИДМБ

Н.Назарбаев машина жасау туралы: өнімнің түрлері жаңа тауарлармен толықты

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Жаңа индустрияландыру: қазақстандық барыстың қадамы» ұлттық телекөпір барысында 2017 жылдың индустрияландыру қорытындысын шығарды.
Астана қаласы06 Желтоксан , 14:12

«Біз жыл сайын дәстүрлі түрде индустрияландыруды қорытындылаймыз. Біз бұл жұмысты 2010 жылы бастадық және осы жыл аяқталғаннан кейін жұмыс істегенімізге 7 жыл толады. Осы жеті жылды еліміздің тәуелсіздігі күні қарсаңында қорытындылаудың стратегиялық маңызы бар. Біз халыққа осы бағдарламаны жүзеге асыру арқылы не істей алғанымызды көрсетеміз», - деді ҚР Президенті.

Мемлекте басшысы атап өткендей, осыдан жеті жыл бұрын ауқымды индустрияландыруға алған бағыт дұрыс және Қазақстан нақты табыстарға қол жеткізуде.

«Мысалы машинақұрылысы. Өнімнің түрлері жаңа тауарлармен толықты. Олар – халықаралық талаптарға жауап беретін локомотивтер, электровоздар, вагондар, тау-кен, мұнайгаз құралдары. Осы салада General Electric, General Motors, ERG, Kaiser сынды белгілі компаниялар және басқалар жұмыс істейді, оларға алғысымыз шексіз. Біз олармен одан ары ынтымақтастығымызды Қазақстанда жұмыс істеулеріне көмектесу арқылы жалғастыруға дайынбыз», - деп баса айтты Нұрсұлтан Назарбаев.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Президенті 25 жаңа нысанды онлайн режимде іске қосты. Бүкіл ел бойынша жаңа индустриалды-инновациялық, инфрақұрылымдық, энергетикалық, агроөнеркәсіптік жобалар іске қосылды.

Ақбота Күзекбай

Фото: Бауыржан Жуасбаев




Яндекс.Метрика