ҚР ИИДМБ

Елбасы «Алтын сапа» сыйлығының лауреаттарын марапаттады (ФОТО)

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алтын сапа» сыйлығының лауреаттарын марапаттады.
Астана қаласы 06 Желтоксан, 14:05

ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының  қосымша лауреаттарының «Үздік индустриалды жоба»  номинациясын Павлодарлық «Giessenhaus», ЖШС жеңіп алды.

«Үздік инновациялық жоба»  номинациясында Қарағанды облысының Бұқар-Жырау ауданындағы «Recycling Company» ЖШС жеңімпаз атанды.

«Сапа көшбасшысы» номинациясында Жамбыл облысының «Қазфосфат» ЖШС  үздік атанды.

«Азық-түлік немесе өндірістік тауар өндіретін  үздік кәсіпорын» номинациясында Қызылорда облысының «Абзал и Компания» КТ көш бастады.

Айта кетейік, «Алтын сапа»  байқауына  биыл 101 компания үміткер.  «Қазқастаннң үздік тауары»  байқауына  144 кәсіпкерлік қатысты.

Айта кетейік, ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығы  қызмет көрсету немесе өнім шығару саласында айтарлықтай жетістікке жеткен кәсіпорындарға беріледі.

Қайрат Жандыбаев

Фото:  Бауыржан  Жуасбаев





Яндекс.Метрика