ҚР ИИДМБ

Н.Назарбаев Жамбыл облысындағы гранит және мәрмәр өңдеу өндірісін ашты

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жамбыл облысындағы гранит және мәрмәр өңдеу өндірісін ашты.
Астана қаласы 06 Желтоксан, 12:47

Жамбыл облысында «Шағын және орта бизнесті дамытудың жаңа секторлары» бағыты бойынша «Оргстрой» ЖШС гранит, мәрмәр және гипс өндіру, жарылғыш құрылғыларды өндірудің жаңа технологиясын өңдеу жөніндегі өндірісі ашылды.

«Жаңа технологиялар еңбек өнімділігін арттырады. Біздің  өндірістің  60 пайызы ТМД мен Ресейге жөнелтіледі. Біз экспорттық әлеуетті арттыруды көздеп отырмыз», - деді «Оргстрой» ЖШС директоры Қали Ғалымхан.

Өз кезегінде ҚР Президенті аталмыш нысан республика бойынша өте маңызды екенін атап өтті.

«Жамбыл облысы гранит қоры бойынша барша елге танымал. Алматы мен Астана ғимараттары Жамбыл өңірінің гранитімен жабдықталған», - деді Елбасы.

Ақбота Күзекбай





Яндекс.Метрика