ҚР ИИДМБ

Жалпыұлттық телекөпірде сүт зауыты мен құс фабрикасы іске қосылды

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен жалпыұлттық телекөпірде жоғары технологиялы құрал жабдықтар орнатылған «Маслодел»ЖШС және «Восток-Сүт»ЖШС жаңа сүт зауыттары мен «Жайық Агро»ЖШС құс фабрикасы іске қосылды.
Астана қаласы06 Желтоксан , 12:31

Сонымен, тамақ өнеркәсібінде және ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу бойынша Солтүстік Қазақстан облысындағы «Маслодел» ЖШС «Тетра Пак» ЖШС жоғары технологиялық қондырғылармен жабдықталған сүт зауытын ашты.

«Біз жаңа отандық сүт зауытын іске қосып отырмыз. Мұнда алдыңғы қатарлы технологиялар орнатылған, бұл дегеніңіз шығынды азайту және бәсекеге қабілетті өнім. Біз ЕАЭО нарығындағы өзіміздің үлесіміз үшін күресуге дайынбыз», - деді «Маслодел»ЖШС бас директоры.

Ал, Шығыс Қазақстан облысында «Восток-Молоко» ЖШС жоғары технологиялық жабдықтары орнатылған сүт кешені модернизацияланды.

«Біздің өндіріс сіздің индустрияландыру бағдарламаңыздың нәтижесі. 245 жаңа жұмыс орындары ашылды. Бүгінде 70 түрлі сүт өнімдерін экспорттауды көздеп отырмыз», - деп атап өтті «Восток-Сүт»ЖШС.  

Сонымен қатар, Батыс Қазақстан облысындағы «Жайық Агро» ЖШС-да жаңа құс фабрикасы іске қосылды.

Өз кезегінде, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев біздің аграрлық сала отандық экономиканың негізіне айналуы керек деп атап өтті.

«Әлемде тамақ жемейтін адам жоқ. Жыл санап халық саны артуда және олардың талабы да артуда.  Сондықтанда біз өз өнімімізді өңдемей кеңейе алмаймыз. Біз және біздің аграрлық мүмкіндіктеріміз, осы біздің болашақ мүмкіндіктеріміз. Аграрлық кешен арқылы егер бүкіл әлемде жасалынып жатқандай өңдейтін болсақ қатты дамимыз. Мәселен, Ресейде егін түсімі өте жақсы болды, нәтижесінде бізде баға төмендеп кетті. Ал, дайын өнімнің бағасы төмендеген жоқ», - деді Мемлекет басшысы.

Айта кетейік, бүгін Астанада  Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Жаңа индустрияландыру: қазақстандық барыстың  қадамы» ұлттық телекөпірі өтті. Онлайн режимінде бүкіл ел бойынша жаңа индустриалды-инновациялық, инфрақұрылымдық, энергетикалық, агроөнеркәсіптік жобалар іске қосылды.

Ақбота Күзекбай




Яндекс.Метрика