ҚР ИИДМБ

ҚР Президенті ескі көліктерді қайта өңдеумен айналысатын кәсіпорынды іске қосты

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қарағанды облысында ескі көліктерді қайта өңдеумен айналысатын кәсіпорын «Recycling Company» ЖШС жұмысын іске қосты.
Астана қаласы06 Желтоксан , 12:23

«Жаңа кәсіпорын  9 айда салынып бітті. Кәсіпорын жылына тозығы жеткен автокөліктердің 50 мыңын қайта өңдеуге қауқарлы. Біз ел экономикасын дамытуға айтарлықтай үлес қосамыз деп уәде береміз. Толық өндірісті іске қосуға рұқсат берсеңіз», - деді кәсіпорын қызметкерлері.

ҚР Президенті өз кезегінде бұл  аталмыш саладағы  Қазақстандағы алғашқы кәсіпорын екенін атап өтті.

«Тәуелсіздікке енді қадам басқанда Қазақстанда  700 мың автокөлік болды, қазір  жолдарда 5 млн-ға жуық көлік жүреді. Олар ескіріп қоршаған ортаны ластайды. Жұмыстарыңыздың әлеуеті зор. Тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу  өте маңызды, бұл өңдеудің жоғарғы деңгейі болып табылады. Зауыт құрылысының аяқталуымен құттықтаймын. Кәсіпорынды қосыңдар, жұмыс істеуді бастаймыз», - деді Елбасы.

 

Қайрат Жандыбаев

 




Яндекс.Метрика