Адами капитал

Қарағандыда жастар әлеуметтік жобаларды ұсынды

Қарағанды қаласында жастар жобаларының аймақтық форумы өтті. Онда қатысушылар 71 жоба ұсынды, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Қарағанды 06 Желтоксан, 14:51

Биылғы жылы Қарағанды, Павлодар, Алматы және Оңтүстік-Қазақстан облыстарында пилоттық режимде Жастар корпусын дамыту жобасы іске қосылды.Бұл Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Дүниежүзілік банктің бірлескен бастамасы. Жоба жастарды қоғамға және тиімді жұмыспен қамтуға қажетті өмірлік маңызы бар дағдыларды дамыту арқылы қоғамдық пайдалы қызметтерге жұмылдыруға бағытталған.

Жобаға қатысушылар конкурстық іріктеу нәтижесінде анықталды. Қарағанды обысында18 және 29 жас аралығындағы жастардан 557 өтінім келіп түскен. Бұл байқаудың жеңімпаздары оқу гранттарын, стипендиялар және жолдамалар алды. Нәтижесінді бүгінгі таңда облысымызда 71 жастар жобалары жүзеге асырылып жатыр, оларға 241 адам қатысады. Қарағанды облысында гранттық қаржыландырудың жалпы сомасы шамамен 70 479 855 теңгені құрады.

«Бұл жоба шеңберінде бізде жергілікті жастарды оқытатын өзіміздің менторлар-жетекшілер мектебі құрылды. Келесі жылы жоба жалғасын табады. Оған ауылдық жерлердің және шалғайдағы ауылдардың жастары қатысуға мүмкіндік алады. Олар үшін біз арнайы түрде жергілікті жерлерде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын өткізетін боламыз» ,- дейді Үйлестіру агенттігінің Жастар корпусын дамыту жобасының қоғаммен байланыс бойынша маманы Айко Әбіл.  

Форумға қатысушылар бір миллион теңге көлемінде өз жобаларын жүзеге асыруға гранттар алды. Сонымен қатар оларға оқудан өтуге және ай сайынғы әлеуметтік стипендия алуға (ЖОО және колледж түлектеріне 61 000 теңге, студенттер мен мектеп түлектеріне 26 000 теңге) мүмкіндік берілді. Қарағанды облысының қатысушылары үшін әлеуметтік шәкіртақылар бойынша жоспарланған төлемдердің жалпы сомасы шамамен 4 335 000 теңгені құрады.

Бүгінгі форум шеңберінде жобаға қатысушылар өз жұмыстарының нәтижелерін ұсынды.

«Біз өз жобамызды тамызда бастадық, ол бес ай бойы жалғасып келеді.Біздің негізгі мақсатымыз – жалғызбасты қарияларға көмек көрсету. Біз Осакаровкада орналасқан «Мейірімділік үйіне» барып, онда не жетіспейтінін біліп қайттық. 40 дана төсек-орын тыстарын тіктік, алдағы уақытта перделер тігуді жоспарлап отырмыз. Бұл жобаға жетімдер үйлерінің тәрбиеленушілері қатысады. Біздің аталарымыз бен әжелеріміз болған жоқ, сондықтан біз еш жақындары жоқ жалғызбасты қарияларға көмектесуді ұйғардық. Біздің тобымызда 5 адам бар, барлығымыз стипендия аламыз. Бір миллион теңгені құрайтын грантты ұтып алған соң, ол ақшаға тігін машинкасын, маталар сатып алдық. Жоба аяқталған соң да жұмысымызды жалғастырамыз деп ойлаймын», - дейді Наталья Максименко. –

Қарағанды облысында жобалардың басым бөлігі білім саласына қатысты болды (23%), сонымен қатар мәдениет пен демалысты дамытуға бағытталған (18%) және туризм мен спортқа бағытталған (16%) жобалар болды.

Көптеген жобаларда мақсатты аудитория аз қамтылған отбасылары, қариялар, жетімдер үйлерінің тәрбиеленушілері және мүмкіндігі шектеулі адамдардан құралды.

10 жоба туған елді мекендерінің жер қойнауын пайдалану және абаттандыру проблемаларына бағытталды. Экологиялық зерттеулерден бастап ауыз су прблемасы немесе шағын аудандағы қауіпсіздікке дейін қарастырылды.

Жобаның мақсаты – жастарды, ерекше осал топтарды қауымдастық өміріне жұмылдыру, сонымен қатар өмірлік маңызды дағдыларды, қауымдастық игілігіне бағытталатын қоғамдық пайдалы іс-әрекеттер дағдысын оқыту бағдарламаларын дамыту болып табылады.

 





Яндекс.Метрика