ҚР ИИДМБ

ҚР Президенті машина жасау және металл өңдеу бойынша екі кәсіпорынды іске қосты

ҚР Президенті іске қосқан индустрияландырудың жаңа нысандары - Ақтөбе облысында машина жасау және металл өңдеу секторында мұнай-газ жабдықтарын өндіру және құбырлар шығарумен айналысатын «Қазақстан мұнай жабдықтары зауыты» ЖШС және Атырау облысында («Жігермұнайсервис» ЖШС) роботты дәнекерлеу әдісімен металл құрастырмалары өндірісі.
Астана қаласы 06 Желтоксан, 11:57

«Біз жаңа белсенді дамып келе жатқан компаниямыз. Біздің жоғарытехнологиялы өнідірісіміз еліміздегі мұнайгаз машинақұрылысын дамытудың жарқын мысалы. Сонымен, 120 жұмыс орны ашылды, 5,5 млрд теңге инвестиция тартылды. Өндіріліп отырған өнімнің 20%  ЕАЭО елдері мен Қытайға экспорттауға мүдделіміз. Робаттандырылған жүйені енгізу жылына өндірілетін өнім көлемін 6 мың тоннаға арттырады. Біз мұнайгаз саласындағы халықаралық жобалардағы отандық компаниялардың үлесін арттырамыз», - деді Жігермұнайсервис қызметкері.

Өз кезегінде, Президент бұл нысандардың өте маңызды екендігін атап өтті.

«Бүгінде күн тәртібінде шикізатты өңдеу және оны сату, жай ғана сату емес қосымша құн қосу, көбірек ақша табу мәселесі тұр. Сондықтанда бұл нысандардың маңызы зор.  Осында алдағы уақытта жұмыс істейтін құрылысшы-монтажшыларды, жұмысшыларды құрылыстың аяқталуымен құттықтаймын. Табыс тілеймін. Іске қосыңыздар», - деді Мемлекет басшысы кәсіпорынды іске қосуға бұйрық бере отырып.

Қайрат Жандыбаев





Яндекс.Метрика