ҚР ИИДМБ

ҚР Президенті алтын өндіру фабрикасын іске қосты

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Жаңа индустрияландыру: қазақстандық барыстың қадамы» ұлттық телекөпірі барысында Ақсу ауылында алтын өндіру фабрикасын іске қосты.
Астана қаласы06 Желтоксан , 11:53

Нысандардың ішінде бірінші болып    «Қазақалтын Технолоджи» компаниясы Ақсу ауылында алтын өндіру фабрикасы  іске қосылды.

«Қазақалтын Технолоджи» қызметкерлерінің айтуынша, алдымен  4 тонна алтын мен 2 тонна күміс өндіру жоспарланған.

«Бұл өте маңызды жоба. Қазақстан – ресурстарға бай. Оның ішінде, біздің  валютаның   негізі алтын  қазба болып табылады. Осының барлығын отандық кәсіпорындар жүзеге асырса, елдің әлеуеті арта түседі. 4 тонна алтын өндіру  ауқымды көлем екенін көрсетеді. Іске қосыңдар», - деді Н.Назарбаев.

Айта кетейік, бүгін  Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Жаңа индустрияландыру: қазақстандық барыстың  қадамы» ұлттық телекөпірі өтті. Онлайн режимінде бүкіл ел бойынша жаңа индустриалды-инновациялық, инфрақұрылымдық, энергетикалық, агроөнеркәсіптік жобалар іске қосылды.

Ақбота Күзекбай




Яндекс.Метрика