Парламент

Н.Нығматулин: Мемлекеттік шекараларды құқықтық рәсімдеу - Тәуелсіз Қазақстанның тарихи жетістігі

Бүгін Парламент Мәжілісінің Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен жалпы отырыста депутаттар Қазақстан-Түрікмен мемлекеттік шекарасын шегендеуге қатысты келісімді ратификациялау туралы заң жобасын мақұлдады, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.
Астана қаласы 06 Желтоксан, 11:36

Осыған орай, Мәжіліс Төрағасы Қазақстанның іргелес елдермен  мемлекеттік шекарасын халықаралық-құқықтық рәсімдеуі тәуелсіздіктің тарихи жетістіктерінің бірі саналатындығын атап өтті.  

«Біз барлық көршілерімізбен келісімдер жасадық, онда бірлескен шекара сызықтарының қалай өтетіні нақты белгіленген. Енді шекараларды шегендеу жұмыстары жүргізілуде»,-деді Н.Нығматулин.

Мәжіліс Төрағасы атап өткендей, осыған сәйкес құжаттарды қол қоюға дайындау бойынша жұмыстар дәл қазіргі уақытта Қырғызстан, Өзбекстан елдері бойынша қолға алынған, ҚХР бойынша бұл үрдіс аяқталды, сондай-ақ, қазақстандық-ресейлік шекараларды шегендеу жұмысы жалғасуда.

«Ендігі кезекте Қазақстанның барлық мемлекеттік шекараларын халықаралық-құқықтық рәсімдеу процесін барынша жедел бітіру қажет. Ол алдағы уақытта кез-келген аумақтық даулардың алдын алуға мүмкіндік береді»,-деді Н. Нығматулин.

 

 

 





Яндекс.Метрика