ҚР ИИДМБ

«Іскер» сыйлығының жеңімпазы: Тиімді басқарусыз табысты кәсіпорын құру мүмкін емес

«Caspi Bitum» бірлескен кәсіпорны» ЖШС жол битумын өндіретін кәсіпорын ҚР "Атамекен" ҰКП-ның «Іскер» сыйлығын жеңіп алды.
Астана қаласы 06 Желтоксан, 11:14

«Caspi Bitum» бірлескен кәсіпорны» ЖШС Маңғыстау облысының Ақтау қаласында орналасқан.

Кәсіпорынның бас директоры Чжао Цзинчжун аталмыш сыйлық  зауыт үшін маңызды болып қана қоймай, сапалы әрі тиімді жұмыс істеуге шабыт беретінін айтты.

«Біз үшін бұл сыйлық кәсіпкерлік саласындағы ең жоғарғы марапат. Бұл басқаруға да қатысты, себебі тиімді басқарусыз табысты кәсіпорын құру мүмкін емес. Біз үздік кәсіпорын атануға тырыстық», - деді Strategy2050.kz АА тілшісіне  Чжао Цзинчжун.

 «Caspi Bitum» жол битумын шығаратын  қазіргі заманғы зауыт болып табылады.

«Біздің жоба «Бір белдеу-бір жол»  аясында  Қытай мен Қазақстанның  бірлескен жобасы болып табылады. Қазақстан экономикасының дамуына өте маңызды әсерін тигізіп отырған  кәсіпорын», - деді бас директор.

Айта кетейік, Ақтау пластикалық масса зауытына жол битумдары өндірісі» жобасы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша 2010-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында іске қосылды.

Ақбота Күзекбай





Яндекс.Метрика