ҚР ИИДМБ

Қазақстандық кәсіпорындарға арнайы сыйлық берілді

Астанада ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығы мен «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме байқауының жеңімпаздарын марапаттау аясында «Іскер» арнайы сыйлығы үйлестіріліп, «Ұлы дала елі» шатырлы брендін қолдану құқығын беру бойынша байқау жеңімпаздары марапатталады.
Астана қаласы06 Желтоксан , 10:41

«Іскер» сыйлығы  ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығы  мен мен «Қазақстанның үздік  тауары»  республикалық көрме байқауына қатысқандардың ішінен іріктеліп алынды.

Сондай-ақ, биыл ҚР «Атамекен» ҰКП «Кемел Iскерлiк» - «Деловое совершенство»    арнайы  халықаралық сыйлығын тағайындады. Номинация серіктесі   Түркияның   «ТИКА» халықаралық ынтымақтастық   және даму агенттігі  болып отыр. Сыйлықты  Ақмола облысының «Агрофирма TNK» компаниясы алды.

«Ұлы дала елі»  2016 жылы  «Атамекен»  ҰКП қолдауымен пайда болды, ол  тауары экспортқа  арналған  отандық өндірушілерді қолдауға бағытталған. Жеңімпаз ашық дауыс беру арқылы таңдалды. Сыйлықты «Атамекен» ҰКП Президиум Төрағасы Тимур Құлыбаев тапсырды.

«Ұлы дала елі» сыйлығының жеңімпаздары: «MKS Logisticts» ЖШС. Маңғыстау облысы. «Қазфосфат» ЖШС директор Сәрсембаев Мұрат. Жамбыл облысы. Басқарма төрағасы – Есенов Мақсұтбек, «Ново-Альджанский мелькомбинат» ЖШС. Ақтөбе облысы. Бас директор – Тапаев Қанат.

Айта кетейік, ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығы,  «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме байқауы мен «Парыз-2017» байқауының жеңімпаздарын марапаттау  Индустриаландыру күні аясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтеді.

Сондай-ақ, жыл сайынғы дәстүр бойынша Индустриаландыру күні аясында жалпыұлттық телекөпір өтеді. Онлайн режимде  18 кәсіпкерлікті қосы жоспарланған. Сондай-ақ,  2017 жылғы индустриалды-инновациялық даму қорытындысы шығарылады.

 

Қайрат Жандыбаев




Яндекс.Метрика