ҚР ИИДМБ

Индустрия 4.0 элементтері ел өндірісіне енгізілуде

Еліміздің барлық аймақтарында кәсіпорындардың төртінші өндірістік революцияға дайындығын тексеру үшін техникалық сараптама жүргізілді.
Казахстан06 Желтоксан , 11:09

ҚР Инвестициялар мен даму министрлігінің мәліметі бойынша, отандық кәсіпорындардың Индустрия 4.0  технологияларын енгізуі үшін ынталандыру шаралары қарастырылды. Жоғары технологиялы салаға инвестиция тарту бойынша жаңа әдістер қарастырылып отыр.

«Мысалы, жез өндіру саласында цифрлық технологиялардың енгізілгенін есепке алғанда еңбек өнімділігі 105 млн теңгеге жетті, бұл Қазақстандағы дәл осындай өндірістен 10 есе басым болып отыр», - деп хабарлады ҚР ИДМ.

Бүгінде цифрлық технологияларды енгізу бойынша ірі 14 жоба жүзеге асырылуда. 2025 жылға дейінгі жалпы инвестиция сомасы 140 млрд теңгені құрап отыр. Экономикалық тиімділік 7 жылда 280 млрд теңгені құрайды. Ал, еңбек өнімділігі 10-15 пайызға артады. 




Яндекс.Метрика