Үкімет

ҚР Премьер-Министрі бірқатар кездесулер өткізді

«Kazakhstan Global Investment Roundtable» форумы аясында Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев бірнеше елдің бизнес қауымдастық өкілдерімен кездесті, деп хабарлады primeminister.kz.
Астана қаласы 06 Желтоксан, 09:23

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Шанхай қор биржасының атқарушы вице-президенті Лию Шатонгпен және NASDAQ вице-президенті Мейер Фручероммен кездесті.

Кездесу барысында «Астана» халықаралық қаржы орталығы («Астана» ХҚО) биржасын ынталандыра отырып, Қазақстан мен өңірлердің капитал нарығын дамыту аясында Шанхай қор биржасы және NASDAQ компаниясымен өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.

«Астана» ХҚО негізгі қаржы инфрақұрылымы болуы тиіс биржалық қызметі негізінде Қазақстанның бағалы қағаздар нарығына жан бітіріп және оларды халықаралық капитал нарықтарымен интеграциялануын қамтамасыз ететін болады.

Кездесуге қатысушылардың пікіріне қарағанда, «Астана» ХҚО әлемде көп бағыттық маңызды және ықпалды қарым-қатынастардың бірі болып табылатын «Ұлы Жібек жолының экономикалық белдеу» бастамаларын іске асыру аясында басым рөлдерді атқаратын болады.

Сондай-ақ, кездесуде NASDAQ компаниясының инвесторлардың тартымды қаржылық құралдардың қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін  қаржы нарығын дамыту бағыттарына озық технологияларды енгізу бойынша ұсыныстары қаралды.

 Сондай-ақ, «Kazakhstan Global Investment Roundtable» форумы аясында Премьер-Министр Railways KEC International Ltd. Компаниясының атқарушы директоры Ракеш Гаурмен, Mitsui & Co. Компаниясының бас директоры Тошиаки Маруока, Kibar Holding бас директоры мен басқарма мүшесі Керем  Кибармен, «Ресей темір жолы» ААҚ вице-президенті Александр Мишаринмен кездесті. 





Яндекс.Метрика