Энергетика

Елімізде 2020 жылға дейін ЭБҰ саны 30 пайызға азайтылады

Елімізде ЭБҰ санын 2020 жылға дейін 30 пайызға, яғни 160-тан 110-ға дейін азайтылады. Осы қатарлы шаралар энергиямен жабдықтаудың сенімділігін арттыруға, иесіз деп танылған электр желілері мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз маслихатында мәлім болды.
Астана қаласы06 Желтоксан , 15:46

2017 жылғы 11 шілдеде Елбасы энергия беруші ұйымдардың саның азаюына жол беретін Өңірлік электр желілік компанияларды ірілендіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойған. Заң 2017 жылдың 24 шілдесінде күшіне енген болатын.

«Заң бірнеше тетіктер бойынша Өңірлік энергетикалық компанияларды ірілендіруді көздейді. Оның ішінде иесіз деп танылған электр желілерін теңгеріміне қабылдаған кезде энергия беруші ұйымдарды (ЭБҰ) корпоративтік табыс салығынан және мүлік салығынан босату; ірілендірген жағдайда энергия беруші ұйымдар үшін табиғи монополиялар саласындағы заңнамада көзделген тыйымдарды алып тастау; электр желілерін кеңейткен кезде электр энергиясын беруге тарифтердің шекті деңгейін қайта қарастыру мүмкіндігін енгізу; мемлекеттік кәсіпорындар теңгеріміндегі жаңадан салынған шағын станциялар мен электр желілерін энергия беруші ұйымдардың теңгеріміне өткізу секілді мазмұндар қамтылған»,- дейді спикерлер.

Бұның сыртында ЭБҰ-дарға қойылатын талаптар да көзделген. Осы Заң бойынша қауіпсіздік пен автоматтандыруға арналған, диспетчерлік технологиялық басқарудың болуы секілді талаптар негіз етілген.

«Осы шаралар ЭБҰ санын 2020 жылға дейін 30 пайызға азайтуға және энергиямен жабдықтаудың сенімділігін арттыруға, иесіз деп танылған электр желілері мәселесін шешуге мүмкіндік береді»,-деп атап өтті Электр энергетикасы және көмір өнеркәсібі департаменті директорының орынбасары Талғат Әбілғазы.


Есбол Социалхан

 




Яндекс.Метрика