100 жаңа есім

«100 жаңа есім»: қазақстандықтар өздері лайықты деп тапқандарға дауыс берді – Е.Кочетов

«Қазконтент» АҚ басқарма төрағасы Евгений Кочетов ведомствоның кезекті Қоғамдық кеңесінің отырысында «100 жаңа есім» жобасының қалай жүзеге асырылғаны туралы айтып берді және қазақстандықтар өздері лайықты деп тапқан адамдарға дауыс бергенін атап өтті.
Астана қаласы 05 Желтоксан, 20:21

Басқарма төрағасы еске салып кеткендей, 7 шілдеде 100esim.el.kz  сайтында «100 жаңа есім» жобасы іске қосылды. Ол біздің қоғамымыздың белгісіз бүгінгі күннің батырларын анықтауға бағытталған болатын. Ағымдағы жылдың 5-шi маусымы мен 15 қыркүйегі аралығында сайтқа 2 112 өтiнiш iрiктелiп, жарияланды. Ал 15 қазанда басталған онлайн дауыс беруге 302 үмiткер өттi. Атқарылған үлкен жұмыс нәтижесiнде бiр айға жуық уақытта 342 мың қазақстандық дауыс беруге атсалысты.

«Реадакция қызметкерлері Астананың сауда орталығында өткізген акциялардың бірінде оларға шынымен дауыс бергісі келетін бір әйел азаматы келді. Ол үміткерлер арасында осыдан бірнеше жыл бұрын жолдасына ота жасаған дәрігерді көрді. Оның сөзін келтіретін болсам: Ол кезде менің дәрігерге алғыс айтатын мүмкіндігім болмады. Ота өте қиын болды. Мен жақсылық өзінің иесін қашанда табатынын түсіндім. Мен Алмат Құдасбаевқа міндетті түрде даусы беремін. Менің дауысым оның тағдарын шешпес, алайда мен оның жасаған жақсылығына жақсылықпен жауап беремін. Алмат Құдасбаев 100 жаңа есім тізіміне енді. Осылайша адам жақсылыққа жақсылықпен жауап берді», - деді  Е.Кочетов.

Ол атап өткендей, нәтижесінде 15 қазанда басталған онлайн дауыс беруге 302 үмiткер өттi. Атқарылған үлкен жұмыс нәтижесiнде бiр айға жуық уақытта 342 мың қазақстандық дауыс беруге атсалысты. Салыстырмалы түрде айтсақ, бұл көрсеткiш Тараз қаласының тұрғындарының санына тең. Жалпыхалықтық дауыс беру нәтижесiнде 102 үмiткер iрiктелiп, 1 желтоқсан күнi Президентпен кездесуге қатысты. 

Қайрат Жандыбаев





Яндекс.Метрика