100 жаңа есім

«100 жаңа есім» жобасына қатысқан 2 мыңнан астам адам туралы баяндалады

«100 жаңа есім» жобасына қатысқан барлық 2 мыңнан астам қатысушы туралы баяндалады. Бұл туралы ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысында мәлімдеді.
Астана қаласы05 Желтоксан , 19:13

« «Қазақстанның 100 жаңа есімі» бойынша біз арнайы жол картасын әзірледік. Келесі жылы сәтін салса үздік жүздікке енген адамдарға арналған 100 теленовелла жарыққа шығады. Біз бұл туралы әлі де толығырақ айтамыз. Мүмкін бұл арнайы роликтер ретінде шығады. Олар бағдарламаға қатысады. Толық жоба бар. Біз бұл жобаны жайдан-жай қалдырмаймыз», - деді Дәурен Абаев.

Д.Абаев айтып өткендей, үздік жүздікпен бірге, жалпы жобаға қатысқан 2100 адам ұмыт қалмайды.

 «Мен бір құпияның бетін ашайын. Біз үстел басында отырғанда Президент жалпы тізімге қанша адамның тіркелгенін сұрады. Мен 2100 адам екенін атадым. Ол сол кезде 2100 адамның барлығын үлгі етуді сұрады.  Бұл бүкіл министрліктердің, ҚХА-ның бірлесе атқаратын жұмысы. Ең басты жетістік - бүкіл азаматтық қоғамның қолдау білдіруі.. Заманауи технологиялар заманында жаңалықтар легі тез ұмытылып кетуі мүмкін. Сондықтан, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» бойынша біз арнайы жол картасын әзірледік», - деді Д.Абаев.

Қайрат Жандыбаев

 

 




Яндекс.Метрика