Халықаралық интеграция

Mastercard АХҚО резидентінің картасын шығарады

Эксклюзив
Mastercard «Астана» Халықаралық қаржы орталығы резидентінің картасын әзірлеу жұмысына кірісті. Ол бұрын клиенттерге қолжетімсіз болған қызметтерді жаңа әдістер арқылы жүзеге асырады. Бұл туралы Қазақстан, Армения, Беларусь бойынша Mastercard директоры Нина Виллемс «Strategy2050.kz» АА берген эксклюзивті сұхбатында мәлімдеді.
Астана қаласы 05 Желтоксан, 14:31

«АХҚО-мен ынтымақтастықта біз қызықты жобаларды байқадық, ол АХҚО резидентінің картасы мен  АХҚО базасында финтехті дамытуға қатысты болып отыр. Mastercard «Астана»  Халықаралық қаржы орталығы резидентінің картасын әзірлеу жұмысына кірісті. Бұл 2018 жылдың  1 қаңтарынан іске қосылады», - деді   Н. Виллемс.

Ол айтып өткендей, әртүрлі елдерде  бастау алған  Mastercard қызықты жобалары аталмыш технологиялардың тиімділігін көрсетеді.

«Біз Қазақстанмен кез келген ұсынысқа әзірміз, себебі ол біз үшін басым нарықтардың бірі  болып саналады. Біз Mastercard ұсынатын барлық жаңашылдықтар мен бизнес-кейсті ұсынамыз. Біз үшін токенизация платформасын дамыту өте маңызды», - деді ол.

Аталмыш қызметті өзге банктер де  АХҚО негізінде қолдана алады.

«АХҚО-да құрылып жатқан  жаңа заңнамалық полюс нәтижесінде АХҚО резидентіне есеп ашу идеясы қолжетімді болады. Бұған дейін Қазақстанда ондай қызмет болмады. Есепшоттарды ашу  алгоритмі:резиденттердің қажеттілігі   бойынша  шаралар   барлық қосымша сервистер картаға енеді», - деді атқарушы директор.

Сондай-ақ, ол Қазақстан аталмыш технологияны оңтайлы қабылдағанын айтты.

«Елде байланыссыз сатып алу мен сервистерді дамыту өте маңызды. Халық бұл сервисті жылулықпен қабылдап отыр. Сондай-ақ,  P2P аудармалары бойынша сервисті жақсартқан жөн», - деді  Н. Виллемс.

Финтехтің екінші бағытын дамытуға келетін болсақ, атқарушы директоры Mastercard АХҚО-ға қызықты  API-ді жеткізді, ол арқылы студенттер өз сервистерін   API негізінде ұсына алады.

Қорытындысында  Н. Виллемс жақын арада  Mastercard Қазақстан тұрғындарына окенизация технологиясын тұрғындарға ұсынуды жоспарлауда.

Қайрат Жандыбаев





Яндекс.Метрика