ҚР ИИДМБ

ИИДМБ: бәсекеге қабілеттілікті арттыру және өмір сүру сапасын жақсарту (ШОЛУ)

Эксклюзив
Елдегі мемлекеттік бағдарламалардың ішінде 2015-2019 жылдарға арналған Индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы ерекшеленеді. Бағдарлама тарихы 2010 жылдан басталады, ол кезде 2014 жылға дейін жоспарланған болатын. ИИДМБ бүгінде қалай дамып жатқандығы туралы Strategy2050.kz. АА дайындаған шолуынан оқи аласыз.
Казахстан05 Желтоксан , 12:49

2014 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму Мемлекеттік бағдарламасы (ИИДМБ-2) бекітілген.

 Бағдарламаның мақсаты – диверсификацияны ынталандыру және ҚР-ның өндірістік өнеркәсіптерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру. 

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2016 жылы Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы өзектендірілді.

Бағдарламада экспортқа бағдарлану және еңбек өнімділігін арттыру дамудың негізгі бағыттары болып белгіленді.

Сондай-ақ, 2019 жылғы деңгейге 4 нысаналы индикатор белгіленді:еңбек өнімділігінің 2015 жылғы деңгейге қарағанда 22%-ға арттыру;өңделген өнім экспортының құндық көлемінің 2015 жылға қарағанда 19%-ға арттыру;2015-2019 жылдары өңдеу өнеркәсібінің негізгі капиталына 4,5 трлн. теңге сомасында инвестиция тарту;Өңдеу өнеркәсібінің энергия сыйымдылығын  2014 жылға қарағанда кемінде 7%-ға төмендету.

Бағдарламада 2016 жылға барлығы 4 нысаналы индикатор және 11 нәтиже көрсеткіштері қарастырылған. Олар Бағдарламаның негізгі міндеттерінің нәтижелі орындалғанын көрсетеді.2016 жылдың қорытындысы бойынша 3 нысаналы индикатор және 8 нәтиже көрсеткіштері бойынша жоспарлар орындалды.

Ірі салаларға негіз болатын жобаларды жүзеге асыру арқылы индустриалды өркендеудің жаңа нысандарын ашу аясында өңдеу өнеркәсібінің 4 секторында (металлургия, мұнай өңдеу, машина жасау, құрылыс индустриясы) жалпы сомасы 154,9 млрд. теңгеге 6 жаңа ірі өндіріс құрылды. Сондай-ақ, ірі жобаларды іске асыру үшін Global-2000/ТНК-ға енгізілген компаниялар тізімінен 7 инвестор тартылды.

Индустрияландыру саясатын іске асыру бойынша жүргізіліп отырған жұмыстың, сондай-ақ Бағдарлама аясында өңдеу салаларын қолдаудың арқасында өңдеу саласындағы дағдарыс пен тау-кен өндіру саласының төмендеуі жағдайында тұрақты өсім байқалып отыр.

Осылайша, 2016 жылдың қорытындысы бойынша тау-кен өндіру салаларында төмендеу байқалып отырғанда (2015 жылға -2,7%) өңдеу секторында нақты тұрақты өсім (2015 жылға +0,7%  ) болды.

Өңдеуші өнеркәсіптің өсуі бірінші кезекте басым салаларда өндірістің өсуіне байланысты болып отыр: түсті (8,5%-ға) және қара металлургия (3,3%-ға), ауылшаруашылық техникасы (5,6%-ға), тамақ өнімдері (3,9%-ға), агрохимия (3,1%-ға), мұнай өңдеу саласы (0,4%-ға).

Нәтижесінде, ел экономикасындағы қайта өңдеу секторының үлесі ұлғайды.

Алдыңғы жылмен салыстырғанда 2016 жылы өңдеу өнеркәсібінің жалпы ішкі өнімдегі үлесі 10,7%-ға, өнеркәсіпте 41,5 %-ға өсті.

Бүгінгі таңда өнеркәсіп жұмысы саласында сандық технологияларды енгізу үрдісі жүруде.

Цифрландыру жобасы аясында цифрлық туылу орны, цифрлық кең, электронды сауда-саттықты дамыту, интелектуалды көліктік жүйе, цифрлық тау-кен өндірісі және электрэнергетикалық кешен сынды ірі жобалар қарастырылуда.

Цифрландыру барысында тау-кен ісі мен метталлургиялық ірі компаниялар кешені ғаламтор арқылы жүзеге асады. Сонымен қатар, алуан біріккен жүйелерден келіп түсетін ақпарат алмасу және жинақтауға қабілетті қадағалау құрылғылары болады. Игі нәтижеге қол жеткізіп, басқарудағы дұрыс шешім қабылдау тұрғысында мәліметтерді визуалды көріністе беру үшін алдынғы қатарлы құралдар, қадағалау құрылғысы, сенсорлар, өнімнің бағасын белгілеу жүйелері енгізіледі.

Индустрия 4.0 үлгілік цифрлық фабриканы құру технологияларын қолдана отырып пилоттық жобаны жасақтау жоспарланып отыр.

Сонымен бірге  өндірісте цифрлық технологияны іске асыруда өзінің оң әсерін береді. Осы межені бағындыру жолында 2018 жылы цифрландыру бойынша жеті үлгілік цифрлық фабрикалардың жоспары жасалады және сол жылы үлгілік цифрлық фабрикаларды құрылады. Келешекте 2019-2021 жылы өз өндірісінде сандық  технологияларды енгізуге ынталы ірі және орта кәсіпорындарды талпындыратын іс-шаралар кешені қабылданатыны атап өтті.

Мұнымен қоймай жүргізушілерге көлік қызметінің электронды төлемі мен ауа райы туралы хабарландыруды көлік қозғалысын бақылайтын бейнебақылау қызметін біріктіретін интеллектуалды транспорттық жүйе жобасы да іске асады.

ИТЖ бірнеше құрамдас бөліктерден тұрады. Ол біртіндеп енгізіледі. Бұл- жол көлік қозғалысының жүйелеріндегі автожолдардағы төлемдерді алудан тұратын техникалық құралдардың кешені. 2022 жылы транзиттік ағынның көлемін 10 пайызға ұлғаяды.

Биылғы жылдың 6 желтоқсанында 2017 жылдың индустриалды – инновациялық қорытындылары жүргізіледі. Индустрияландыру күні аясында 18 жаңа индустриалды жоба іске қосылады.

Ақбота Күзекбай

Фото: ашық дереккөздерден 

 




Яндекс.Метрика