Үкімет

Қ.Келімбетов: АХҚО жұмысына оңтайлы қараймыз

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Астана» халықаралық қаржы орталығы өз жұмысын бастайды. Осы орайда, 10-15 жыл қатарынан АХҚО 40 млрд доллар инвестиция тартуға мүдделі, деді Орталық жетекшісі Қайрат Келімбетов Үкімет отырысында.
Астана қаласы 04 Желтоксан, 13:41

«Бізде  10-15 жылда 40 млрд доллар инвестиция тарту бойынша нақты жоспар бар. Бұл сенімділік  АХҚО-ның үш бағыттағы жұмысы нәтижесінде туып отыр.  ОА мен ЕАЭО сияқты  «Бір белдеу-бір жол»  бастамасын жүзеге асыруға үлкен үміт артып отырмыз», - деді АХҚО басшысы.

Қ.Келімбетовтың айтуынша, «Самұрық-Қазына» компаниясын капиталдандыру  25 млрд долларға жетеді.

«АХҚО инвестиция тартудың  қақпасына айналады деп ойлаймын. Қаржы орталығы  Қазақстанға инвестиция тартумен айналыспауы керек деген пікірге келетін болсам.  Осы сынды орталықтардың  Лондонда, Сингапур немесе Гонконгтегі жұмысына қарайтын болсаңыз, орталық жұмысы  қаржы институттарының рөлі мен ЖІӨ-дегі қаржы қызметінің үлесін  3-4 есеге арттырды», - деді ол.

Сондай-ақ,  ол қарашада орталық алаңында алғашқы қатысушы ретінде Халықаралық қаржы орталығының биржасы тіркелкенін айтты.

«Биржа 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап сауда жүргізуге дайын. Конституциялық заңға сәйкес судьяларға қойылатын талаптарды айқындау туралы ҚР Конституциясына түзетулер енгізілді. АХҚО Сотының судьяларын тағайындау және ант беру жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. АХҚО-ның қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі комитеті құрылды», - деді Қ.Келімбетов.

Ақбота Күзекбай 





Яндекс.Метрика