Үкімет

Премьер-Министр дәрі-дәрмекпен уақытылы қамтамасыз етуді тапсырды

Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында амбулаториялық деңгейде дәрілік қамтамасыз етуге қолданылатын шаралар туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов баяндады.
Астана қаласы04 Желтоксан , 13:34

« Қазақстанда 2005 жылдан бастап Денсаулық сақтау саласын реформалау мен дамытудың 2005–2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында тегін және жеңілдікпен дәрілік қамтамасыз ету жүйесі қызмет етеді.Министрлік пен «СК-Фармация» бірыңғай дистрибьюторы 2018 жылға амбулаториялық дәрілік қамту қажеттіліктері туралы алдын ала ақпаратты жинау жұмыстарын жүргізді, оның аясында кем дегенде 32% немесе 60 млрд теңге көлемінде дәрі-дәрмек тапшылығы анықталды», - деді Е.Біртанов.

Осы мақсатта тегін медициналық көмектің кепілдікті көлемі мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу тізімдерін қалыптастыру ережесі бекітілді, және ҚР Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберілді.

«Бұдан өзге, дәрі-дәрмек айналымы саласындағы бірқатар нормативтік-құқықтық актілер әзірленді. Биыл 30 маусымда амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді орталықтандыру мәселесін қозғайтын заң күшіне енді», - деді министр.

Сатып алудың жаңа ережелеріне сәйкес, дәрі-дәрмек және медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу бойынша Бірыңғай дистрибьютор жүргізетін екі кезеңді тендер рәсімнің ұзақтығы — 59 күн. Дәрі-дәрмекті жеткізудің басталу мерзімі шамамен 2018 жылдың 15 ақпанынан 10 наурызына дейін жоспарланған.

Осыған байланысты дәрілік препараттармен қамтамасыз етуде олқылықтың орын алмауы мақсатында Үкімет қаулысының жобасына бірыңғай дистрибьюторға 2018 жылға арналған дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдарға деген үш айлық сұранымды бір жерден сатып алу мүмкіндігі туралы толықтырулар қосу ұсынылады.

«Дәрі-дәрмек сатып алу мәселелері Мемлекет басшысының бақылауында. Проблеманың маңыздылығына байланысты мәселені жеке жауапкершілігіне алу керек. Сонымен қатар, Денсаулық сақтау министрлігі дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру жұмыстарына түзетулер енгізіп, жоспардағы кемшіліктерді жоюлары қажет», - деді Е.Біртановқа Премьер-Министр.




Яндекс.Метрика