Үкімет

2020 жылға дейін ірі қаржы орталықтарымен әуе қатынасы ашылады – Қ.Келімбетов

Ірі қаржы орталықтарымен әуе қатынасын қамтамасы ету мен «Ашық аспанды» қолдану туралы Үкімет отырысында «Астана» халықаралық қаржы орталығының жетекшісі Қайрат Келімбетов айтып өтті.
Астана қаласы 04 Желтоксан, 12:34

«Инвестициялар және даму министрлігі «Эйр Астана» компаниясымен  2019-2020 жылдарға арналған жоспар құрғанын білеміз.  Сингапур, Нью-Йорк және Токио бағытына әуе қатынасы ашылады.  Біз қосымша Цюрих, Мумбай және т.б елдерге әуе қатынасын ашуды жоспарлап отырмыз.  Осы орайда өз жұмысын   «Эйр Астана» жүзеге асыруы тиіс», - деді Қ.Келімбетов.

Әлемдік тәжірибе ашық аспан, яғни еркіндіктің алтыншы  дәрежелі  ұстанымы  Қазақстанның  әлемдік  қаржы орталықтарымен  байланысын арттыратын  әуе компанияларды тарта алады.

Осыған дейін Қ.Келімбетов  АХҚО жұмысы үшін  Қазақстанның  халықаралық нарықтағы интеграциясы мен шетелдік  инвесторлардың Қазақстанға  қолжетімділігін жеңілдету  мақсатында  ірі қаржы орталықтарымен байланыс орнатқан жөн. Оның ішінде «Ашық аспанды» қолдану да бар.

«Жол картасы әзірленді. Алайда бекітілген жоқ. Жақын арада қала маңында әуе қатынасын қамтамасыз ету маңызды болып отыр», - деді ол.

Айта кетейік, Үкіметте  «Цифрлық Қазақстан»  жобасының мәселелері талқыланды.

Ақбота Күзекбай





Яндекс.Метрика