Үкімет

«Цифрлық Қазақстан» 310 млрд теңгеден астам қаражат тартады – Д.Абаев

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру республикалық бюджет пен квазимемлекеттік сектор тарапынан 310 млрд теңгеден астам қаржы тартады.Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев мәлімдеді.
Астана қаласы04 Желтоксан , 11:12

Министр айтып өткендей, алдын ала есеп бойынша, 2025 жылға қарай  экономиканы цифрландыру    1,7-2,2 трлн теңге қосымша құнды қамтамасыз етеді.

«Бағдарлама қосылған құнды қалыптастыру және экономикадағы шығындарды қысқарту тұрғысынан айтарлықтай әлеуетке ие, бұл 2025 жылдан бастап жылына 4,5-5% деңгейінде ел ЖІӨ-нің өсу қарқынын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, шамамен 1,6-2,2%, яғни, үштен бір бөлігі тек цифрландырылуға жұмсалады», — деді министр.

АКМ басшысы айтып өткендей, «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру  республикалық бюджет пен квазимемлекеттік сектор тарапынан  310 млрд теңгеден астам қаражат  тартады

 «Аталған бағдарламаны іске асыру үшін квазимемлекеттік субъектілердің есебінен 169 млрд-тан астам теңге әрі республикалық бюджет есебінен 141 млрд теңге бөлу қарастырылған», - деді Дәурен Абаев.

Жалпы, цифрландыру аясында 2022 жылға қарай  «Тау-кен өнеркәсібі  мен карьерлерді өңдеу»  секциясы бойынша еңбек өнімділігінің өсімін-38.9 пайызға,  «Транспорт және қаттау»  бойынша  21,2 пайызға,  «Ауыл, орман және балық шаруашылығы» бойынша  45,1 пайызға, «Өңдеу өнеркәсібі»  бойынша 49,8 пайызға арттыру  қарастырылған.

Сондай-ақ, жеке сауда көлемінде  электрондық тауардың  үлесі  2022 жылға қарай  2,6 пайызға артады.

«2022 жылы цифрландыру нәтижесінде  жұмыс орындарының өсімі  300 мың адамды құрайды.  Электрондық түрде алынған мемлекеттік қызмет үлесі 2022 жылы   мемлекетік қызмет көлемінің  80 пайызын құрайды», - деді Д.Абаев.  

Ақбота Күзекбай




Яндекс.Метрика