Үкімет

Қазақстан мен Қырғызстан билігі екі жақты экономикалық ынтымақтастықты нығайтатын Жол картасына қол қойды

Қырғызстан Республикасы елшілігінің Астана қаласына келуі аясында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин мен ҚР вице Премьер-Министрі Толқынбек Абдығұлов екі елдің экономикалық ынтымақтастығын нығайтуға бағытталған Жол картасына қол қойды, деп хабарлайды primeminister.kz.
Астана қаласы02 Желтоксан , 18:49

Минскіде Қырғызстан президентімен кездескен Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен ҚР билік өкілдері қырғыз делегациясымен жолығып, нәтижесінде Жол картасына қол қойылды.

Жол картасында қос мемлекет арасындағы шекара, транспорт, фитосанитарлық, ветеринарлық және әкімшілік салық сияқты маңызды мәселелерді шешуге бағытталған 50 шара қамтылған. Құжатта оперативтік сипаттағы 16, 5 шұғыл және 29 жүйелік шара туралы жазылған.

«Бұл шаралардың барлығы қырғыз тауарларына ЕуразЭО нарығына қол жеткізіп, аталған мемлекеттің одан әрі ЕуразЭО талаптарына бейімделуіне бағытталған», — дейді Асқар Мамин.

Жол картасына қол қойылғаннан кейін Қазақстан мен Қырғызстан кеден, салық, ветеринария, фитосанитария және санитарлық-эпидемиологиялық бақылауды ЕАЭО шекарасында бірігіп жүргізеді. Қырғызстан жоғарыда аты аталған салаларға қатысты бақылауды толықтай ЕАЭО талаптарына сай жүргізуге келісіп отыр.

«Жол картасы шараларын өз уақытында және толық орындау жалпы нарықты транспаренттілік, легитимділік және өзара пайда қағидаларына, сондай-ақ көршілік және достық секілді дәстүрлі арнасында өзара тиімді сауда-экономикалық байланыстарды күшейтуге стимул береді", — деп мәлімдеді Мамин.

Осыған сәйкес ҚР Премьер-Министрдің бірінші орынбасарының мәлімдеуінше, Қазақстандағы сәйкес органдармен қырғыз тауарларын растау және сертификациялауды жүзеге асыруды қосқанда Еуразия экономикалық одағының техникалық уақыт тәртібі талаптарымен өзара бақылау жұмыстарын өткізеді.

Жол картасына қол қою қорытындысы бойынша екі тарап 2017 жылдың 3 желтоқсанында сағат 00:00-ден бастап ҚР шекаралық қызметі қазақстан-қырғыз шекарасындағы барлық өткізу пункттері күшейтілген шекаралық тексеруден күнделікті шекаралық күзет нұсқасына өту туралы келісімге келді.




Яндекс.Метрика