ҚР Тұңғыш Президентінің Күні

Көше атауын баяғыда өзгерту керек еді – Б.Төлегенова

Эксклюзив
КСРО және ҚР халық әртісі Бибігүл Төлегенова Фурманов көшесінің атауын Назарбаев даңғылына өзгертілуіне қатысты өз пікірін білдірді.
Астана қаласы30 Қараша , 18:41

«Менің көзқарасым оң. Меніңше, бұл дұрыс шешім, себебі  ол Семей полигонын жапты, сол үшін де көше атауын басқа жетістіктеріне қарамастан өзгерту керек болатын.  Мен бұл көшенің атауына Елбасының есімі берілетініне сенетінмін, бүгін соған куә болдым. Бұл өте дұрыс шешім», - деді Б.Төлегенова.

Сондай-ақ, ол Н.Назарбаевтың уақыты қанша тығыз болса да өнерге ерекше көңіл аударатынын айтты.

«Бұл оның дұрыс жолда екенін көрсетеді. Ол өзінің ісіне шығармашылықпен қарайды. Біздің мемлекетіміздің гүлденіп жатқанына куә болып отырмыз», - деді Б.Төлегенова.

Сонымен қатар, халық әртісі  Елбасы мен қазақстан халқына денсаулық тіледі.

Естеріңізде болса, бүгін Алматыдағы Фурманов көшесіне Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі берілген болатын.

Қайрат Жандыбаев 




Яндекс.Метрика