ҚР Тұңғыш Президентінің Күні

Фурманов көшесінің атауын өзгерту дұрыс шешім – Н.Ниязова

Фурманов көшесінің атауын өзгерту дұрыс шешім. Бұл туралы «Ильдаш» татар гуманитарлық орталығының төрайымы Нурия Ниязова мәлімдеді.
Астана қаласы30 Қараша , 18:33

Қала мәслихатының депутаты, «Ильдаш» татар гуманитарлық орталығының төрайымы Нурия Ниязова қазақстанның басты жетістігі тұрақтылық, келісім, бейбітшілік пен достық екенін атап өтті.

«Осынау өмірлік жетістіктерге біздің Мемлекет басшысының салиқалы ішкі және сыртқы саясаты арқасында қол жеткіздік. Бейбітшілік, келісім, бірлік арқасында еліміз дамыды, халықтың тұрмысы жақсарды бұл туралы Президент үнемі айтып келеді. Біздің қаламыз этникааралық келісім бойынша Елбасы моделінің жарқын үлгісі. Татумыз, бірге тұрып, бірге жұмыс істейміз. Соның арқасында қаламыз тартымды болып, түрлі ұлт өкілдері мен әртүрлі діни сенімдегі жандар қаламызға келуде, білім алуда, еңбек етуде. Олар өздерін барынша жайлы сезініп, болашақтарына батыл қадам жасауда. Сондықтан көше атауын өзгертуді дұрыс шешім деп есептеймін», - деді Н.Ниязова.

Еске салсақ, Алматыда бұрындары бірін- бірі қайталайтын 100 көшелер атауы өзгерген болатын. Қалаға қосылған елді мекендерді есептегенде мегаполисте Абай атында - 12. М. Әуезов атында -3, Ж. Жабаев атында -13, Құрманғазы атында -6, Төле би атында - 5, Қазыбек би атында- 3, Әйтеке би атында -3, Райымбек батыр атында -8, Наурызбай батыр атында – 4, Қарасай батыр атында – 8, Байтұрсынов атында – 4, С. Сейфуллин атында- 5, Ә. Молдағұлова атында – 6, М. Мәметова атында 6 көше аталған екен.

Алматыда 42 көше еліміздің дамуына үлес қосқан қайраткерлер есімін иеленсе, қалғандары географиялық атауға, қазақстанның тарихы мен мәдениетіне, дәстүріне орай аталған екен.

Мысалы, Ш.Айтматов, Г.Бельгер, Т.Бигелдинов, Қ.Кенжетаев, С.Калмыков, Қ.Мырзалиев, Алматы апортының «әкесі» атанған Е.Редько және басқалардың есмідерін алған көшелер пайда болады.

 




Яндекс.Метрика