ҚР Тұңғыш Президентінің Күні

Фурманов көшесінің атауын өзгерту дұрыс әрі заманауи шешім

Фурманов көшесінің атауын өзгерту дұрыс әрі заманауи шешім. Бұл туралы «Ахыска» түрік ұлттық орталығының президенті Зиятдин Касанов мәлімдеді.
Алматы қаласы30 Қараша , 18:32

Қала мәслихатының депутаты, «Ахыска» түрік ұлттық орталығының президенті Зиятдин Касановтың пікірінше, еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өміршең бастамалары арқасында Қазақстан халықаралық қоғамдастыққа танымал болды.

«Президенттің жеке беделі арқасында Қазақстан мемлекетаралық дағдарыстарды шешуде маңызды серіктес болуда. Оның үстіне, Нұрсұлтан Әбішұлы атом қаруынан өз еркімен бас тартып, Семей полигонында сынақ жасауды мүлдем тоқтатып, өзін әлемде ядролық қаруды таратпау және жою жөнінде барынша белсенді саясаткер ретінде көрсетті. Мен әріптестерімнің ұсынысын толық қолдаймын және Фурманов көшесінің атауын өзгертуді дұрыс әрі заманауи шешім деп есептеймін», - деді ол.

Еске салсақ, Алматыда бұрындары бірін- бірі қайталайтын 100 көшелер атауы өзгерген болатын. Қалаға қосылған елді мекендерді есептегенде мегаполисте Абай атында - 12. М. Әуезов атында -3, Ж. Жабаев атында -13, Құрманғазы атында -6, Төле би атында - 5, Қазыбек би атында- 3, Әйтеке би атында -3, Райымбек батыр атында -8, Наурызбай батыр атында – 4, Қарасай батыр атында – 8, Байтұрсынов атында – 4, С. Сейфуллин атында- 5, Ә. Молдағұлова атында – 6, М. Мәметова атында 6 көше аталған екен.

Алматыда 42 көше еліміздің дамуына үлес қосқан қайраткерлер есімін иеленсе, қалғандары географиялық атауға, қазақстанның тарихы мен мәдениетіне, дәстүріне орай аталған екен.

 




Яндекс.Метрика