ҚР Тұңғыш Президентінің Күні

Көше атауына Елбасы есімін беру жөнінде көптеген ұсыныстар әкімдікке келіп түсті – сарапшы

Қоғам өкілдерінен мегаполистің басты көшелерінің бірі Фурманов көшесіне Елбасы есімін беру жөнінде көптеген ұсыныстар түсті. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтының әлеуметтік-экономикалық зерттеу бөлімінің жетекшісі Ләззат Нұрқатова мәлімдеді.
Алматы қаласы 30 Қараша, 18:07

«Алғаш рет Н.Назарбаевтың есімі  10 жыл бұрын Иорданияның Амманы мен Шешенстанның Грозныйының көшелеріне   берілген болатын. Сондай-ақ, Қазақстанның Тұңғыш Президентінің   есімі  берілген көшелер Түркияның бірқатар қаласында, Татарстан астанасы Қазанда да бар.  Н.Назарбаевтың басты  рөлі -  оның үлесімен Тәуелсіздік алынды, елдің  әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері жақсарып,ұлтаралық татулық орнады», - деді ол.  

Еске салсақ, Алматыда бұрындары бірін- бірі қайталайтын 100 көшелер атауы өзгерген болатын. Қалаға қосылған елді мекендерді есептегенде мегаполисте Абай атында - 12. М. Әуезов атында -3, Ж. Жабаев атында -13, Құрманғазы атында -6, Төле би атында - 5, Қазыбек би атында- 3, Әйтеке би атында -3, Райымбек батыр атында -8, Наурызбай батыр атында – 4, Қарасай батыр атында – 8, Байтұрсынов атында – 4, С. Сейфуллин атында- 5, Ә. Молдағұлова атында – 6, М. Мәметова атында 6 көше аталған екен.

Алматыда 42 көше еліміздің дамуына үлес қосқан қайраткерлер есімін иеленсе, қалғандары географиялық атауға, қазақстанның тарихы мен мәдениетіне, дәстүріне орай аталған екен.





Яндекс.Метрика