Энергетика

Еліміздің ішкі нарығы AИ-92 бензині және дизель отынымен қаматамасыз етілді

«ҚазМұнайГаз» жанар-жағар май құю станцияларында Ai-92 маркалы бензин мен дизель отынын сату шектеусіз болады. Бүгінде Ai-92 бензині мен дизельдің жеткілікті қоры бар. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен ішкі жанар-жағар май нарығының ағымдағы жағдайы туралы баспасөз маслихатында айтылды.
Астана қаласы30 Қараша , 18:01

Спикерлердің айтуынша, еліміздің ішкі нарығындағы жанар-жағар май тапшылығы мәселесі шешілген. Павлодар МӨЗ жөндеу жұмыстары аяқтауға жақын.

«Кеше қажетті бөлшектер жеткізілді, бүгін таңертең дәнекерлеушілердің шетелдік бригадасы келді. Жөндеу жұмыстары 20 желтоқсанға дейін аяқталуы тиіс», - деді Данияр Тиесов.

25 желтоқсанға дейін Павлодар МӨЗ жанармайдың барлық түрлерін толық көлемде өндірмек.

 «Біріншіден, зауыттардың техникалық жай-күйін тағы бір рет тексеріп, барлық қажетті шараларды орындауға тура келді. Екіншіден, нормативтік-құқықтық базамен орындалатын жұмыстар да аз емес. Кеңес кезеңінен бері қалыптасқан стандарттар болғандықтан, жыл сайын зауытты тоқтату, әр аппаратты бөлшектеу, емтихан тапсыру және құжаттық жұмыстарды жүргізу керек болды », - деп түсіндірді.

Сондай-ақ, қараша айының соңында Ресейден Қазақстанға 150 мың тонна дизель отыны жеткізілген. Оынң ішінде «ҚазМұнайГаздың» үлесі 45-50 мың тоннаны құраған. Қазіргі уақытта жағдай тұрақты.

Зауытты жаңарту жобаларын іске асыру нәтижесінде үш зауыттың жалпы қуаты жылына 14,5-тен 16,6 млн. тоннаға дейін өседі, бұл отандық мұнай өнімдерін ішкі нарықпен толық қамтамасыз етпек.

    

Есбол Социалхан




Яндекс.Метрика