ҚР Тұңғыш Президентінің Күні

ҚР Тұңғыш Президент күніне орай 50 домбырашы күй тартты (ФОТОРЕПОРТАЖ)

ҚР Тұңғыш Президент күніне орай Астанада флешмоб өтті.
Астана қаласы 30 Қараша, 16:47

Бұл шараға еліміздегі барлық Назарбаев Зияткерлік мектептері қатысты. Бір уақытта барлық қалада бірінен-бірі кезек алған оқушылар мен мұғалімдер домбырамен күй тартып, ән шырқады.

Шараға Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің  оқушылары да қатысты.

«Іс-шара Тұңғыш Президент күніне орай өткізілді. Барлық қалалардағы Назарбаев Зияткерлік мектептері кезекпен домбырада ойнаудағы мақсат - дәстүрімізді насихаттаумен қатар Назарбаев Зияткерлік мектептерінің ашылуының  бастамашысы Елбасына деген құрмет», - деді ұйымдастырушылар.

Фото: Азамат Әлиев





Яндекс.Метрика