Үкімет

Биыл инновациялық гранттарға 200-ден астам өтініш келіп түсті

Биыл инновациялық гранттарға 200-ден астам өтініш келіп түсті. Бұл туралы Инвестициялар және даму вице-министрі Тимур Тоқтабаев Үкіметтегі брифингте мәлімдеді.
Астана қаласы30 Қараша , 15:56

Биылғы жылы Агенттікте технологияларды трансферлеу арқылы әрекеттегі кәсіпкерлікті қолдауға баса көңіл аударылған грант бағдарламаларының тәсілдері қайта қарастырылғанына байланысты 2017 жылдың  Конгресінде жеке кәсіпкерлікті қолдауға ерекше назар аударылды.

«Агенттік пен өтінім беруші арасындағы өзара қаржыландыру қатынасының құны енді бұрын қарастырылған 20% да 80%-дың орнына 50% де 50% құрайды және өтінісм берген сала бойынша кем дегенде сауда жұмыстарында үш жылдық тәжірибесінің болуы туралы талап енгізілді. Бұдан басқа, үш жылдағы кіріс жиынтығы жобаның бағасын жабатындай болуы тиіс. Осы шарттарды талдау барысында түрлі қауымдастық пен шолушылар тарапынан қауіптің болуы да алаңдатты. Олардың айтуынша, талап өте қатаң, сондықтан нарықтан грантқа деген сұраныс төмендеп кетуі мүмкін», - деді Т.Тоқтабаев.

 Дегенмен, қауіптің арты ұзаққа бармады, осы жылы Агенттікке 200-ден астам инновациялық гранттарға өтініштер түсті.

Қайрат Жандыбаев 

 




Яндекс.Метрика