Парламент

Мәжіліс Бюросы Палатаның алдағы жалпы отырысының күн тәртібін нақтылады

Бүгін Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Мәжіліс Бюросы алдағы жалпы отырыстың күн тәртібін нақтылады.
Астана қаласы 30 Қараша, 12:48

Мәжіліс хабарлағандай,  халық қалаулыларының назарына Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы стратегиялық әріптестік туралы шартты және  Қазақстан-Түрікмен мемлекеттік шекарасын шегендеу туралы келісімдерді ратификациялау туралы  заң жобасы ұсынылады.  

Сонымен бірге, жәбірленушілерге зиянды өтеу қоры туралы Заң жобасы ілеспе түзетулерімен екінші оқылымда қаралады деп күтілуде.

Сондай-ақ, «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және Қазақстан Үкіметі мен Ирландия Үкіметі  арасындағы Табысқа салынатын салықтарға қатысты  қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан  жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияны және оған Хаттаманы ратификациялау туралы Заң жобасы бойынша бейінді комитетке қорытынды әзірлеу мерзімін белгілеу көзделген.   





Яндекс.Метрика