ХХІ ғасырдағы Қазақстандағы дін

Қазақстандағы діни жағдай тұрақты

Қазақстандағы діни жағдай бүгінде тұрақты. ҚР ДІА Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының директоры Гүлнар Шлымова осындай сарапшылық пікір білдірді, деп хабарлайды 2050 Стратегиясының ресми сайты.
Казахстан06 Тамыз , 00:00

«Бүгінде Қазақстандағы діни жағдайға тыныш, тұрақты деген сипаттама беруге болады. Қазіргі Қазақстанда 17 түрлі конфессияға қарайтын 140 этностың өкілі тұрып жатыр. 2009 жылғы халық санағының мәліметі бойынша, оның ішінде ең көбін ислам (діндарлардың жалпы санының 70%-ы) және христиандықтың түрлі бағыттары, негізінен православлықтар (26%) құрайды. Иудаизм мен буддизм сынды конфессиялардағы діндарлардың саны бірдей шамада (0,1%-дан). Қалған діндерде діндарлардың жалпы санының 0,2%-ы бар. Азаматтардың шамамен 3%-ы ешқандай дінді ұстанбайды», – деді Г.Шлымова.

Жүргізілген қайта тіркеу қорытындысы бойынша, бұған дейін жұмыс жасап келген 4 551 діни бірлестіктен Қазақстанда 3 088 діни бірлестік пен оның филиалдары қалды. Былайынша айтқанда, олардың жалпы саны 1 463 бірлестікке немесе 32%-ға қысқарды.

«Діни бірлестіктердің мұншалық қысқаруы, негізінен, өз жұмысын дәлелдей алмаған бірлестіктер есебінен болды. Ең алдымен, өз құрылтай қжатында күмәнді мәліметтер келтірген бірқатар діни бірлестіктер мен жалған діни құрылымдар қайта тіркеуге жіберілген жоқ. Сонымен қатар, діни оқу орындарының да саны қысқартылып, 28 ДОО-ның 13-і қайта тіркеуден өтті», – деді дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының директоры.

Қазақстанда мұсылман діни бірлестіктері көп – 2 229. Осылайша, олар елдегі діндарлардың үштен екі бөлігін қамтиды. Сондай-ақ, діни ғимараттардың көп саны да осы ислам дініне қатысты.




Яндекс.Метрика