Халықаралық интеграция

Қазақстан Ресеймен қылмыстық процессті оңтайландыру бойынша тәжірибе алмасты

Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Жақып Асанов ТМД мүше мемлекеттер Бас прокурорлары үйлестіру кеңесінің 27-ші отырысына және Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер Бас прокурорларының 15-ші отырысына қатысты.
Әлемде 30 Қараша, 19:47

Бас прокуратура хабарлағандай, отырысқа ТМД және ШЫҰ елдерінің - Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Ресей, Үндістан, Қытай, Пәкістан жоғары қадағалау органдарының басшылары сондай-ақ бақылаушы мемлекеттер-Ауғанстан, Иран және Моңғолия өкілдері қатысты.

ТМД мүше мемлекеттер Бас прокурорлары үйлестіру кеңесінің отырысы аясында Бас прокурор Ж.Асанов «Қазақстан Республикасындағы қылмыстық процесті жеңілдету және жеделдету» тақырыбында баяндама жасады және Мемлекет басшысының құқық қорғау жүйесін реформалау жөніндегі тапсырмасы аясында қылмыстық процессті оңтайландыру бойынша қазақстандық құқық қорғау органдарының тәжірибесімен бөлісті.

ШЫҰ талқылауының басты тақырыбы «Заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану арқылы жасалған қылмыстарға қарсы әрекет ету» болды.

Сапар барысында Ж.Асанов Қытай Халық Республикасының Бас прокуроры Цао Цзяньминмен екі жақты кездесу өткізді. Кездесу барысында өзара түсіністік және шекаралық ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.

Сонымен қатар, Ресей Федерациясының Бас Прокуроры Ю.Чайка және Ауғанстан Ислам Республикасының Бас прокуроры М.Хамидимен кездесулер өткізілді. Кездесулер барысында трансұлттық қылмысқа қарсы күрес саласындағы өзекті мәселелер талқыланды.

 





Яндекс.Метрика