Ұлттың денсаулығы

Астанада алғаш рет «Денсаулық сақтау саласына инвестициялар» форумы өтті (ФОТОРЕПОРТАЖ)

Астанада ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ерболат Досаевтың, ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың қатысуымен «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласына инвестициялар» форумы өтті.
Астана қаласы30 Қараша , 11:48

Форум серіктестері – Азия даму банкі, Дүниежүзілік банк, Еуропа қайта құру және даму банкі және Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы. 

Аталған шара инфрақұрылымдарды дамыту, мемлекет пен жекеменшік медицинаның ынтымақтастық үлгілерін іздестіру, денсаулық сақтау саласына инвестиция тарту және мемлекет-жекеменшік серіктестік жобаларын жүзеге асыру мәселелеріне арналған. 

 

Форум жұмысына халықаралық қаржы ұйымдарының өкілдері, әлеуетті инвесторлар, медициналық бизнес өкілдері, денсаулық сақтау және МЖС инвестициясы саласындағы халықаралық және қазақстандық сарапшылар, тиісті министрліктер мен облыстардың және Астана, Алматы қалалары әкімдіктерінің өкілдері атсалысты. 

 

Қайрат Жандыбаев

Фото Азамат Әлиев




Яндекс.Метрика