Ұлттың денсаулығы

ДСМ жеке инвестиция тартатын жоспар әзірлеп жатыр

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі инфрақұрылымдарды дамыту үшін 2018-2019 жылдары желілерді қайта құрылымдау және жоспарлау жұмыстарын жүргізіп, инвестициялық жоспар әзірлеп, салаға жекеменшік инвестициялар тарту жолдарын қарастырмақ. Бұл туралы денсаулық сақтау және инвестиция жөніндегі форумда Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді.
Астана қаласы30 Қараша , 11:13

Қазіргі уақытта Қазақстанда 7 914 денсаулық сақтау объектілері халыққа  медициналық қызметтер көрсетеді,  олардың 6 764 объектісі мемлекеттік, 1 150-і – жекеменшік.

Сонымен бірге, ғимараттар мен медициналық техникалардың тозығы жетуіне, амбулаторлық-емханалық ұйымдардың жобалық қуаттылығының жетімсіздігіне байланысты, денсаулық сақтау саласын жоғары деңгейде қамтамасыз ету үшін инвестициялар қажеттілігінің жиынтығы бүгінгі күні    1 трлн.теңге шамасына бағаланып отыр.

Нәтижесінде медициналық ұйымдар желісін мемлекеттік-жекеменшік серіктестік негізінде дамытудың толыққанды бағдарламасы жүзеге асырылады. Сонымен бірге, бюджеттік инвестициялар жекеменшік қаржыландыру орынсыз саналатын жобаларға жұмсалатын (бағытталатын) болады.

«Денсаулық сақтау саласындағы жобаларға МЖС тетіктерін қолдануға қатысты аймақтардың белсенділігін атап өткен жөн. Денсаулық сақтау ұйымдарын салуға, жаңғыртуға және жарақтандыруға МЖС 32 келісімшарт жасаған. 78 жоба (оның ішінде 3 республикалық және 75 жергілікті жерлерде) бойынша құжаттамалар дайындалуда. Жобалар стационарлар, дәрігерлік амбулаториялар, емханалар, медициналық техникалар салып, пайдалануға беруді қарастырады», - деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.

Министрлік жекеменшік инвестициялар тарту аясында Facility management сызбасы бойынша университеттік ауруханалар құру жөніндегі үш республикалық жобаның конкурсына дайындық жүргізуде,  яғни жекеменшік серіктес құрылысын салады, жабдықтайды, мемлекет меншігіне тапсырады және медициналық емес қызметтер көрсетеді. 

«Мемлекет өз кезегінде, келісімшарт жасалған уақыт аралығындағы қолжетімділік үшін ақы төлейді.  Алматы қаласында 2 жобаны жүзеге асыру – 300 төсектік университет ауруханасы және 1200 төсектік біріккен клиника, сондай-ақ Қарағандыда 300 төсектік университет ауруханасын салу жоспарлануда», - деді министр.

Елжан Біртанов өз баяндамасында МЖС дамыту, әкімшілік кедергілерді азайту, тарифтік саясатты және басқа да шараларды жетілдіру арқылы, денсаулық сақтау саласында жекеменшік сектордың үлесін арттыру саясатының бір бөлігі екендігін атап өтті.

« «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасына сай, тегін медициналық көмек көрсету көлемі аясында медициналық қызметтерді жеткізушілер арасындағы жекеменшіктің үлесі 2017 жылға 30,5%-ды құрайды, 2017 жылдың қыркүйек айындағы жағдай бойынша нақты фактілер 39,3%-ды  көрсетіп отыр, яғни оң динамика байқалады», - деді ол. 

Қайрат Жандыбаев 




Яндекс.Метрика