Рухани жаңғыру

Маңғыстау облысында «Нұр Капитал» жобасы жүзеге асырылуда

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында Маңғыстау облысында орта және шағын бизнесті қолдауға бағытталған «Нұр Капитал» бірегей жобасы қолға алынды.
Маңғыстау 30 Қараша, 10:16

Облыс экономикасының әлеуетін арттыруға бағытталған жаңа жобаның таныстырылымы аймақ басшысы Ералы Тоғжановтың қатысуымен 29 қараша күні Ақтау қаласында өтті. Шараға «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚөкілдері, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, ірі кәсіпорындар басшылығы мен қаржылық институттар қатысты.

 «Нұр капитал» бағдарламасының мақсаты –  «Туған жер» жобасы аясында халықтың қоғамдық санасын жаңғырту арқылы елдің,  аймақтың экономикасына айрықша атсалысу – шынайы патриотизмді ояту. Мемлекеттік тұрақтылықтың бір құралы ретінде - шағын және орта бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдай жасау.

Аталған мақсатты жүзеге асыру үшін еңбек нарығы және бизнес салаларын трансформациялау керек. Трансформация – қоғамдық сананың жаңғыруысыз жүзеге аспайтыны анық. Яғни, халықтың өз кәсібін ашуға толықтай мүмкіндік жасауға - еңбек нарығы институттарын кеңейтіп, қолжетімді ресурстармен қамтамасыз етіп, бәсекелік есебінен сапаны арттыру қажет.

«Нұр капитал» жобасы - Маңғыстау облысында еңбек нарығын жаңғыртуға бағытталған бірегей бағдарлама.

«Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауында «... Екінші басымдық – бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту. Мұндағы көзделген стратегиялық мақсат – елдің ішкі жалпы өніміндегі шағын және орта бизнестің үлесі 2050 жылға қарай кем дегенде 50% болуын қамтамасыз ету» керектігін атап өтті. Бүгінгі таңда жеке кәсіпкерлікті қолдау және дамыту еліміздің экономикалық дамуының негізін қалаушы драйвер ретінде қалыптасты. «Нұр Капитал» бағдарламасының мақсаты – өңірдегі шағын және орта бизнеске тиімді, қолжетімді және нақты қолдау көрсету.Қазіргі таңда «ӨзенМұнайГаз» АҚ-тан 900 млн. теңге және «Даму» қорынан 1 млрд. 800 млн. теңге қаражат бөлінді. Облыстың кәсіпкерлік саласын қолдау мақсатында жалпы құны 2 млрд. 700 млн. теңге болатын несие ресурстары бағытталды», - деді облыс әкімі Ералы Тоғжанов.

Бағдарламаны іске асыру механизмі: «Нұр капитал» жобасы - жаңа тұрақты жұмыс орындарын құратын инвестициялық мақсаттағы жобаларға «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында субсидия береді. Бағдарламаны қаржыландыру «Даму» Қорының және «Өзенмұнайгаз» АҚ жер қойнауын пайдалану келісім-шарты аясында жергілікті атқарушы органға беретін қаражаттары есебінен жүзеге асырылатын болады. Қаржыландыру көлемі: бағдарлама бойынша жалпы сомасы – 1 млд. 50 млн. тенгені, оның ішінде: «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның 350 млн. теңге, «Даму» Қорының қаржысы - 700 млн. теңге. Несие бойынша пайыздық мөлшерлеме соңғы қарыз алушы үшін сыйақы мөлшерлемесі – 11 пайыз болса, оның 10 пайызы субсидияланады, ал қалған 1 пайызын ғана кәсіпкер төлейді. Сонымен қатар, егер қарыз алушының кепілге қоятын мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда, оған «Бизнестің жол картасы – 2020» бірыңғай бағдарламасы аясында «Даму» Қорының кепілдемесі беріледі. Айта кетейік, облыстық бюджеттен қаражат бөлінбейді.

Аймақтың тұрғындары айналымдағы капиталдың 30%-ын өз бизнесін құру үшін ала алады. Сондықтан несие тұрғындар үшін қолжетімді.

Облыста кәсіпкерлік секторын дамыту және оқыту үшін мамандарды қайта даярлау тобы құрылуда.

 Орта және шағын кәсіпкерлік - экономиканың ұтқыр әрі нәтижелі секторы және экономикалық өсу факторларының бірі. Сондықтан «Нұр капитал» жобасы - мемлекет тарапынан елеулі шығындарды талап етпестен, шағын және орта бизнес арқылы «салауатты» бәсекелі ортаның қалыптасуына, нарықтық тепе-теңдіктің орнауына, жаңа жұмыс орындарының құрылуына, жағдайы орташа тұрғындар тобының қалыптасуына, тұрғындардың әртүрлі қажеттіліктерін қанағаттандыруға жағдай жасайтын таптырмайтын бағдарлама. Өңірдегі бизнеске қолайлы жағдай жасау арқылы еңбек нарығын модернизациялауға мүмкіндік жасалады.

Сондай-ақ, Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне қолжетімді несиелерді алу үшін Аграрлық несие корпорациясының облыстағы филиалы ашылды.  Бұдан өзге аймақта екі кредиттік серіктестік құрылмақ.

Жыл басынан бері корпорация филиалы Маңғыстау өңірінің 54 ауыл шаруашылығы субъектісін 189 миллион 600 мың теңгеге қаржыландырды. "Іскер" бағдарламасы бойынша 50 шаруа қожалығына ақша берілді. Олардың 28-і - мал шаруашылығы, үшеуі - өсімдік шаруашылығымен айналысады. Енді ауылшаруашылығымен айналысатын фермерлер облыстан алыс кетпей-ақ, «Агротехника», «Агробизнес», «Агрокоммерция», «Іскер», «Агроэкспорт», «Кең дала»  кредиттеу бағдарламалары арқылы 5,5%-16% аралығында жылдық мөлшерлемемен несие ала алады.

 





Яндекс.Метрика