Ұлт жоспары 100 нақты қадам

Қазақстанда экономикалық құқықбұзушылық бойынша қылмыстық істер саны 80 пайызға қысқарды

Қазақстанда экономикалық құқықбұзушылық бойынша қылмыстық істер саны 80 пайызға қысқарды, деді Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Болат Палымбетов «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасының кеңейтілген мәжілісінде.
Астана қаласы30 Қараша , 09:11

«Қазақстанда экономикалық  құқықбұзушылық  бойынша қылмыстық істер саны  80 пайызға қысқарды. Кәсіпкерлер өз бизнесін жоғалтуға қорқады, алайда, бостандықты жоғалту одан да қымбат», - деді Б.Палымбетов.

Болат Палымбетов, өкінішке орай, кәсіпкерлердің шарттарына немесе орындалған жұмыс актілеріне қол қоюға кезек келгенде негізсіз, кейде тіпті ойдан шығарылған бас тартулар орын алатындығын айтып өтті.

Оның айтуынша, шешім шығарушы шенеуніктер субсидия беру кезінде қаржыны өз қалтасынан шығаратындай сезім тудырады. Әрине мұндай жағдай кәсіпкерлер тарапынан жаңа шағымдар мен түсініспеушіліктер тудырады.

«Қаржыландыруды бөлу комиссиясының мүшелігіне көбіне басқару және білім беру  бөлімінің қызметкерлері тағайындалады. Мұндай жағдай конкурстық комиссия жұмысының ашықтығын қамтамасыз ете алмайды және сыбайлас жемқорлыққа жағдай жасайды. Мұндай фактілерді болдырмау үшін субсидия бөлуші комиссияның құрамына бизнес өкілдерін енгізу қажет», - деп, санайды Болат Палымбетов.

Мысалы, Астанада және Ақтөбе облысында кәсіпкерлер мұндай комиссияның  құрамына кіретіндіктен, онда бұл мәселе кездеспейді. Бизнес-омбудсмен айтып өткендей, бұл мәселе Білім министрімен жеке талқыланып, толығымен қолданды. Ауыл шаруашылығын субсидиялау бағдарламаларында да ашықтық мәселесі орын алуда.

«Орталық мемлекеттік органдардың барлық комиссиялары мен жұмыс топтарында бизнес-қоғамдастық өкілдері қатысады. Бұл кәсіпкерліктің көптеген мәселелерін шешуге көмектеседі. Дәл осы принцип бойынша облыстардағы, қалалардағы, аудандардағы комиссия мен жұмыс топтарына өңірлік бизнес өкілдігін енгізуді қамтамасыз ету қажет. Және бизнес өкілдері дауыс беру құқығына ие болулары керек.

Бизнес жергілікті атқарушы органдардан тек ашықтық пен әріптестік қарым-қатынасты қалайды», - деп қорытындылады бизнес-омбудсмен.




Яндекс.Метрика