ҚР Президентінің Жолдауы

Елімізде кәсіпкерлерді тексеру бойынша талаптар 57 пайызға қысқарды

Елімізде кәсіпкерлерді тексеру бойынша талаптар 57 пайызға қысқарды. Бұл туралы «Атамекен» ҚР ҰКП басқармасы төрағасының орынбасары Рүстем Жүрсінов ҚР Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен өткен «Атамекен» ҚР ҰКП кеңейтілген Президиум отырысында баяндады.
Астана қаласы 29 Қараша, 16:27

Төраға орынбасары баяндағандай заңнаманы орындау аясында 18 000 нормативті-құқықтық актіге соның ішінде 500 ден аса заң жобасына сараптама жасалды. Кәсіпкерікті дамыту бойынша ескерілген ұсыныстар үлесі 2015 жылы 30 пайызға жетсе, ағымдағы жылы 75 пайызға ұлғайған.

«Кедендік және салық кодекстерін дайындауда бизнестің ұсыныстары ескерілді. 2018 жылдан бастап азаматтық-құқықтық сипаттағы жарналардың мөлшерлемесін 2020 жылы 5 пайыздан 1, 2021 жылы 2 пайызға төмендету, әлеуметтік салықтың пайыздық мөлшерін 1,5 пайызға түсіру, МӘМС жұмысын 2020 жылдың 1 қаңтарына кейіндету туралы ұсынымдар Үкімет тарапынан қолдау тапты. Бірлескен жұмыс нәтижесінде 800 рұқсаттамаға дейін қысқарып 72 пайызды құрады. Бұл кәсіпкерлерге жыл сайын 1,5 млрд теңгені үнемдеуге мүмкіндік береді», -деді Р.Жүрсінов.

 Сөзіне сенсек кәсіпкерлікті қайта реттеудің кешенді жұмыстары жүргізілді. «Аталған бағытта Үкіметпен бірлесіп «Атамекен» ауқымды іс атқарды. Лицензилау мен рұқсаттамалар беру мөлшері 3 есе қысқарды.ШОБ субъектілерін тексеру жөніндегі 17,6 мың талаптар алынып тасталды. Осыдан кейін кәсіпкерлерді тексеру туралы талаптар 57 пайызға төмендеді. »-деген Төраға орынбасары денсаулықты сақтау және білім салаларын ырықтандыруға көп көңіл бөлінуде деді.

2017 жылы 34 мыңнан аса ШОБ суъектілері санитарлық және медициналық кәсіпкерлікті тексерулерден босатылды. Ағымдағы жылы 447 жеке меншік  мектепке дейінгі ұйымдар ашылды. Келесі кезеңде білім беру және денсаулық сақтау ұйымдарына қатысты  30 ескірген санитарлық ережелерді алып тастау жоспарланып отыр-деді Р.Жүрсінов.

Сондай-ақ Үкіметпен тізе қосып қазіргі заңнаман оңтайландыру жұмысы жасалғаның тілге тиек етті. Салық төлеуден жалтарған жеке кәсіпкерлер үшін қылмыстық жауапкершілікте қарастырылған құн  2 мың АЕК тен 20 мың АЕК дейін өсті.

Қайрат Жандыбаев

 





Яндекс.Метрика