Басқару

Әлия Назарбаева жаңа экологиялық ұйымның президиумына жетекшілік етеді

Қазақстанда барлық экологиялық ұйымдардың басын біріктіруді мақсат еткен «Экологиялық ұйымдар қауымдастығы» жұмысын бастады.
Астана қаласы 29 Қараша, 17:54

Қауымдастық Президиумына Қоғамдық маңызды бастамаларды дамыту қорынының төрайымы Әлия Назарбаева жетекшілік етеді. Ұйым еліміздегі экологиялық мәселелермен айналыспақ. Қауымдастықтың қамқоршылық кеңесіне «жасыл экономика» бағыты бойынша Нобель сыйлығының лауреаты, жасылдану тұжырымдамасының авторы Рае Квон Чунг еніп отыр. 

Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығының Басқарма төрайымы Айгүл Соловьеваның айтуынша, Экологиялық ұйымдар қауымдастығының алдына бірсыпыра мақсат қойылған, деп хабарлады Қазақпарат.

Атап айтқанда, тың ұйым экологиялық бастамаларды құру, халықаралық серіктестікті дамыту, инвестиция тарту, халықаралық жобалар мен бағдарламаларға қатысу, «Жасыл» технологияны енгізу, қалалардағы экологиялық инфрақұрылымдарды дамыту және ҚР экологиялық заңнамасын жетілдіру бойынша мәселелерімен айналыспақ.

«Қазақстан қоршаған ортаны қорғау бағытында халықаралық бастамаларға әрдайым үн қосып келеді. Халықаралық келісімдер мен міндеттемелерді орындап қана қоймай, Қазақстан экологиялық ахуалды жақсарту мақсатында біршама ұсыныстарды білдірді. Экологиялық мәселелерге үкіметтік емес ұйымдармен бірге, көптеген басқа да ұйымдар атсалысуда. Қоршаған ортаны қорғау - ұлт денсаулығының мәселесі екенін ескере отырып, қоғамның барлық азаматтық ұйымдарының бірігетін кезі келді деген ойдамын», - деді Айгүл Соловьева Орталық коммуникациялар қызметінде өткен жаңа Қауымдастықтың таныстырылымы барысында.





Яндекс.Метрика