АШК – Қазақстан экономикасының драйвері

Ел өңірлерінде 10 айда 3,5 млн тонна картоп жиналды

3,5 млн тонна картоп жиналды, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 154 мың тоннаға артық.
Астана қаласы 29 Қараша, 16:12

3,5 млн тонна картоп жиналды, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 154 мың тоннаға артық және 3,6 млн. тонна көкөніс (100 мың тоннаға артық), 2,2 млн. тонна бақша дақылдары (126 мың тоннаға артық).

АӨК-ті дамытудың маңызды бағыттарының бірі – ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу. 2017 жылдың 10 айында былтырғы жылмен салыстырған талдау нәтижесінде жарма өндіру 33,3%-ға, макарон – 10,6 %-ға, сары май 9,1%-ға қайта өңделген сүт және қаймақ 2,8%-ға өскен.

«Биылғы жылы көктемгі-егіс және егін жинау бойынша қарыз алушыларға жылдық 6%-бен (өткен жылдары 9-10% болған) несие берілді. Сондай-ақ, несие беру бір ай бұрын басталды.15,3 млн. гектар астық және бұршақ дақылдары алынып, бастапқы салмағы 22,1 млн. тонна астық бастырылды және орташа есеппен гектарына 14,4 центнер астық жиналды», - деп хабарлады АШМ баспасөз қызметі.
 

Биылғы жылы астықтың сапасын арттыру үшін тұқым өндірісін қолдау және минералды тыңайтқыштарды пайдалану бойынша қажетті шаралар қабылданды.

Түпнұсқалы және элиталық тұқымдарды субсидиялау қалпына келтірілді және субсидиялау кезіндегі ең төменгі нормалар жойылды. Тұқым өндірісін қаржыландыру басымдықтарды қайта қарау арқылы бюджет есебінен 3,7 млрд. теңгеден 7,2 млрд. теңгеге дейін ұлғайтылды.

Элиталық тұқымдарды пайдалану 40%-ға артып, сапасы төмен тұқымдарды пайдалану 1,7 есеге азайды.
Нәтижесінде ағымдағы жылы 3 сыныпты астықтың үлесі 65%-ды құраса, өткен жылы бұл көрсеткіш 44%-ды құраған, ал ұлпалы дақылдар 25-28% болса өткен жылы 9% болған.





Яндекс.Метрика