Адами капитал

ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қызметкерлері 20 литрден астам қан тапсырды

Қиындыққа тап болып, түрлі ауруға шалдыққан науқастарға көмек ретінде Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде «Қан тапсырып – өмір сыйла» атты бір күндік еркін түрдегі қайырымдылық акциясы өткізілді.
Астана қаласы 29 Қараша, 14:32

Ведомство хабарлағандай, қан тапсыру орталығының қолдауымен Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі   және оған бағынысты мекеме қызметкерлері  Министрліктер үйі ғимаратынан шықпай-ақ қан тапсыру мүмкіндігіне ие болды. Қайырымдылық акциясында Министрліктің 60 –тан астам қызметкерлері қатысты. Олар барлық қажетті медициналық зерттеулерден қаралып,  20 литрден астам қан тапсырды.

Өтеусіз донорлық – бұл қазіргі заманғы қоғамдағы адамдардың маңызды және құрметті борышы. Донор болу арқылы әрбір адам өмірді сақтауда және салауатты ұлттың қалыптасуына елеулі үлес қосып жатқанын түсінеді.





Яндекс.Метрика