Халықаралық интеграция

Қазақстан мен Беларусь жоғары технологиялар саласында екіжақты ынтымақтастық жайлы келісті

Минскіде Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Беларусь елінің Жоғары технологиялар паркінің директоры Всеволод Янчевскиймен екіжақты кездесу өткізді, деп хабарлады ведомство.
Астана қаласы 29 Қараша, 12:39

Кездесуде тараптар стартап экожүйелерінің дамуына және екі елдің венчурлық қаржыландыру институттарына қатысты мәселелерді талқылады.  Сонымен қатар, цифрлық экономика бойынша комиссия құру да жоспарланды. Комиссия Қазақстан-Беларусь сауда-экономикалық ынтымақтастығы бойынша үкіметаралық комиссия аясында құрылады.

«Сондай-ақ, кездесуде талқыланған өзекті мәселелердің бірі – блокчейн технологияларын қолдану мен оның құқықтық реттелуі болды», - деп хабарлады АКМ.

Кездесу соңында тараптар, жоғары технологиялар саласында екіжақты ынтымақтастық жайлы келісімге қол қойды.





Яндекс.Метрика