ҚР Тұңғыш Президентінің Күні

Әзербайжандықтар Нұрсұлтан Назарбаевты халықтың адамы деп есептейді (ВИДЕО)

Әзербайжандықтар Нұрсұлтан Назарбаевты халықтың адамы деп есептейді, деді журналист, публицист Айда Эйвазова Астанада әзірбайжан тілінде Елбасы туралы кітаптың таныстырылымында.
Астана қаласы 29 Қараша, 12:14

« Мен үшін  осындай тұлға  туралы кітапты аудару  өте үлкен қуаныш болды. Назарбаев дегенді естігенде бірден әлемнің адамы екенін сезесің. Бұған тағы бір мәрте кітапты аудару кезінде көзім жетті. Оның өмір жолы оттан шыққан жалындай, жүрегі де отқа толы адам. Ол сол жалынды халқына, бүкіл әлемге сыйлады», - деді Айза Эйвазова.

Ол Нұрсұлтан Назарбаев Әзірбайжанда танымал тұлға екенін айтты.

«Әзербайжанда Нұрсұлтан Назарбаевтың  деніне саулық, ұзақ өмір тілеп жатады.  Бұл кітап көп нәрсеге үйретеді. Оның өмір жолы адам қалай өмір сүріп, күресу керектігіне үлгі. Ол халық адамы», - деді ол.

Қайрат Жандыбаев

Видео:  Азамат Әлиев





Яндекс.Метрика