Цифрлы Қазақстан 2022

Қарағандыда Smart City технологиясы енгізіліп жатыр

Smart City технологиясы Қарағандыда енгізіле бастады. Оның арқасында алдағы жылдары қала тұрғынының әрқайсысында электронды денсаулық паспорты, ал мектеп оқушыларында электронды күнделіктер болады деп жоспарланып отыр, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Қарағанды 29 Қараша, 11:54

Автобустағы төлемақыны жолаушылар қолма қол ақшасыз өтей алады, ал қоғамдық тәртіпті камералар мен бағдарламалар қадағалайды, электр және жылу қуатын бақылап, коммуналдық төлемдерді компьютерлер есептейтін болады. 

Сандық жүйеге ауысудың кей элементтері қазірдің өзінде облыста енгізіліп жатыр. Мысалы, осы жылдың соңына дейін облысымыздың денсаулық сақтау саласы толығымен электронды форматқа ауысады, тұрғындарда электронды денсаулық паспорты болады. Қазіргі уақыттың өзінде онлайн режимде дәрігер шақыртып, сараптама нәтижелерін алып, жоспарлы дәрігер қарауына шақырту алуға жағдай жасалған.

Сонымен қатар Қарағанды облысының білім саласында да «Білім ал» электронды күнделіктер жүйесі сәтті қызмет етуде, ол ата-аналарға балаларының бағаларын көруге мүмкіндік береді. 

Қазір облысымыздың билік басындағыларыавтопарктермен қоғамдық көліктерде тқлем терминалдары-валидаторларды орнату туралы келісімсөз жасап жатыр. 
Бұған қоса, қаламызда және облыста қосымқа бақылау камераларын орнату жоспар бар. Олардан жиналған мәліметтерді арнайы бағдарлама өңдеп, құқық қорғау органдарына белгілі бір оқиғаларға шұғыл әрекет етуге және жасалған қылмысты жедел анықтауға көмегін тигізеді. 

«Бұл жобаны іске асыруға біз бизнес-құрылымдарды жұмылдыруды көздеп отырмыз. Бюджет, жалғыз ғана қаржыландыру көзі ретінде, Smart City концепциялы жобаларға осындай ұзақ мерзімді инвестицияларды өзі жалғыз көтере алмайды. Сондықтан, бізге ұзақмерзімді қызметті сатып алуға мүмкіндік беретін МЖС бағдарламасы бойынша жұмыс жасаймыз. Бұл сонымен қатар мемлекеттік бюджет үшін 10 жыл алға техникалық шешімдерді құру мүмкін емес болғандықтан өте қажет. Бірақ нарықта 7-10 жылға дейін ұзақмерзімді инвестициялар жасауға қауқарлы ірі компаниялар бар. Осылайша, біз аймақтық бюджетке зиян келтірместен Smart City концепциясының жобаларын жүзеге асыра алатын боламыз», - деді Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Алмас Айдаров.


Айта кету керек, бұл концепцияға сонымен қатар «Әлеуметтік карталар» да енеді. 

« Бұл карта мобильді қосымша арқылы басқарылады. Ол арқылы комиссиясыз сатып алулар мен коммуналдық төлемдерді өтеуге болады, әр сатып алудан кэшбэк есепке салынатын болады. сонымен қатар шоттағы қалдық қаражатқа пайыз түседі. Карта тұтынушылар үшін тегін болады, оған сонымен бірге жалақы мен әлеуметтік төлемдерді де аударуға болады», - деп түсіндірді «Smart ЖКХ» компаниясының бас директоры Сержан Әділбаев

Картаны балаға да рәсімдеуге болады деп болжалуда. Бұл ретте қосымша «Білім ал» жүйесімен біріктіріледі, осылайша ата-аналар баласының мектептегі үлгерімін қадағалай алады. Қосымша атқарым ретінде осы уақытта баланың қай жерде жүргенін көре алу мүмкіндігін қарастыруға болады. 

Карта мен қосымшалар келесі жылы іске қосылады деп жоспарланып отыр. Smart City немесе «Ақылды қала» — қала мүлігін басқаруға арналған бірнеше технологиялардың біріктірілу концепциясы.

 Қала активінің қатарына жергілікті ақпараттық жүйелер бөлімдері, мектептер, кітапханалар, көлік, ауруханалар, электр станциялары, сумен қамту жүйелері және қоқыстар басқаруы, құқық қорғау органдары және басқа да қоғамдық қызметтер жатады. «Ақылды қаланы» құрудың мақсаты – тұрғындардың қажеттіліктерін қанағаттандыру және қызмет көрсету тиімділігін жоғарылату үшін қалалық информатика технологияларының көмегімен өмір сапасын жақсарту болып табылады. «Ақылды қала» концепциясы Саутгемптонда, Амстердамда, Барселонада және Стокгольмде жүзеге асырылған.





Яндекс.Метрика