Цифрлы Қазақстан 2022

Астанадағы конференцияда «Цифрлық Қазақстан» талқыланды

«Цифрлық Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасының бес бағыты туралы АКМ ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру басқармасының жетекшісі Арайлым Мұсаева «Мемлекет басқаратын инновациялық технологиялар: Цифрлық Қазақстан» конференциясында мәлімдеді.
Астана қаласы29 Қараша , 11:02

«Мемлекет басшысы «Цифрлық Қазақстан»  мемлекеттік бағдарламасын бағдарламаларды жүзеге асырудың  экономикалық әсері есебімен    жетілдіруді тапсырған болатын. Осы орайда, министрлік   холдингтер мен сарапшылармен  бірігіп әрбір  жобаның  экономикалық  әсеріне арналған   сараптама жүргізді», - деді А.Мұсаев.

Бүгінгі таңда Мемлекеттік бағдарлама  5 бағытты, 125 шара мен  17 бастаманы   қамтып отыр.

«Бірінші бағыт – экономика салаларын цифрландыру. Ол дәстүрлі салалардың цифрлық технологиялар арқылы  қайта жаңғыруын қарастырады. Екіншісі – цифрлық мемлекетке көшу.  Бұл бағыт мемлекетті бизнес пен халыққа қызмет көрсететін  инфрақұрылым ретінде  қызмет етуін қарастырады», - деді басқарма жетекшісі..

Келесі бағыт  жоғарыжылдамдықты   инфрақұрылымды  қамтамасыз ететін цифрлық Жібек Жолын жүзеге асыру  болып табылады.

«Төртінші бағыт – адами капи талды дамыту, шығармашыл қоғамды жаңашылдыққа көшу үшін  құру. Бесінші – инновациялық экожүйені құру», - деді ол.

Мембағдарламаны жүзеге асыру республикалық, жергілікті  бюджеттен, халықаралық қаржы орталықтары мен квазимемлекеттік  сектордан қаржыны қарастырады.

«Қабылдау көлемі 145 млрд теңге, айналма қайтарымы 1,7-2 трлн теңгені құрайды», - деді А.Мұсаева.

 

Ақбота Күзекбай 




Яндекс.Метрика